Электронды кедендік сүйемелдеу

Электронды кедендік сүйемелдеу

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ағымдағы жылдың 16 қаңтарынан бастап кеден заңнамасына жүк көлік құралының жүру бағыты бойынша нақты орналасқан жерін нақты уақыт режимінде мемлекеттік кірістер органдарының анықтауына мүмкіндік беретін түзетулер күшіне енеді деп хабарлайды.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу және кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 5 қаңтардағы
№407-VI Заңы қабылданды.

Түзетулер негізінде қабылданған жаңашылдықтың бірі - спутниктік навигацияны қолдану арқылы көлік құралын электронды кедендік сүйемелдеуді қолдану мүмкіндігін енгізу, бұл нақты уақыт режимінде көлік құралының бағыты бойынша нақты орналасқан жерін анықтауға мүмкіндік береді.

Осы толықтырулар шеңберінде кеден органы электрондық кедендік сүйемелдеуді қолдану туралы шешім қабылдаған жағдайда, кеден органы декларантты және тасымалдаушыны хабардар етуі де көзделген.

Электронды кедендік сүйемелдеуді халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы тікелей жүзеге асырады.

Мұндай оператор Қазақстан Республикасында анықталды.

Бұдан бұрын «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізілгенін атап өту қажет. Онда «халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы» ұғымы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалау жүйесінің ұлттық операторын айқындау жөніндегі құзыреті көзделген. Бұл ретте осы түзетулер шеңберінде аталған оператор навигациялық пломбаларды жалға беру бойынша қызметті көрсетеді. Навигациялық пломбалар көлік құралдарына ілінеді және олардың көмегімен көлік құралының орын ауыстыруын қадағалау жүзеге асырылады.

Қазіргі уақытта көлік құралдарын электронды кедендік сүйемелдеуді жүзеге асыру тәртібінің жобасы әзірленді, онда кеден органының, декларанттың, тасымалдаушының және халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалау ақпараттық жүйесінің ұлттық операторының өзара іс-қимылы айқындалған.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив