«Қазақстан Республикасы - Еуропалық Одақ» кедендік ынтымақтастық бойынша кіші комитеттің үшінші отырысы өтті
ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті мен Еуропалық комиссияның келісімдерін орындау мақсатында 2019 жылдың 1 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында «Қазақстан Республикасы - Еуропалық Одақ» кедендік ынтымақтастық бойынша кіші комитеттің үшінші отырысы өтті.
Аталған іс-шара Қазақстан Республикасының кеден қызметіне «Қазақстан Республикасы - Еуропалық Одақ» Кедендік ынтымақтастық бойынша кіші комитеттің екінші отырысы (2018 жылғы 20 сәуір, Брюссель) аясында қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыруда көмек көрсетуге бағытталған.
Кездесу барысында тараптар кедендік әкімшілендіру саласындағы ынтымақтастықтың бірқатар өзекті мәселелерін, соның ішінде транзит мәселелері, уәкілетті экономикалық операторлар институты, ҚР мен ЕО кеден заңнамасы саласындағы инновациялар, сондай-ақ әлеуетті арттыру саласындағы тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады.
Бұл кездесудің мақсаты екіжақты ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл аясын кеңейту, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен ЕО арасындағы кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру бойынша одан әрі шараларды әзірлеу (Қазақстан Республикасының 25.03.2016 жылғы № 475-V ЗРК Заңы).
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің
[xfvalue_img]