ЕЛОРДАДА «ПАРАСАТТЫ ҚОҒАМ ЖӘНЕ ЖАСТАР» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

ЕЛОРДАДА «ПАРАСАТТЫ ҚОҒАМ ЖӘНЕ ЖАСТАР» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Әдеп» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен «Парасатты қоғам және жастар» атты дөңгелек үстел өтті.

Жиынға Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының бөлім басшысы Бақытжан Жүнісбеков пен Л.Гумилев атындағы ЕҰУ әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор, академик Дихан Қамзабекұлы, Нұр-Сұлтан қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Жазира Жылқышиева, Нұр-Сұлтан қаласы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жанынан құрылған ақпараттық үгіт-насихат штабының жетекшісі, ҚР мәдениет қайраткері, жазушы Сәдібек Түгел, университеттің Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Серікзат Дүйсенғазы және оқытушылар, ZOOM платформасы арқылы студенттер қатысты.

Дихан Қамзабекұлының кіріспе сөзінен алғашқы болып сөз алған Жазира Жылқышиева өздерінің атқарып жатқан жұмыстарына кеңінен тоқталып, департаменттің басты ұстанымы әділеттілік, парасаттылық екенін атап өтті.

Өз кезегінде Сәдібек Түгел жемқорлық еліміздің экономикасының, мәдениеті мен білімінің дамуына тежеу болатынын тілге тиек етіп, Мемлекет басшысының жүргізіп отырған саясаты, сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жанынан құрылған ақпараттық үгіт-насихат штабы жемқорлықты түп тамырымен жою жолында ауқымды жұмыс жүргізетінін жеткізді.

Ал тұлғалардың ұлағатты сөздерінен мысал келтірген Бақытжан Жүнісбеков елорда жастарының жемқорлықтан ада болып, парасатты тұлға болып қалыптасуы жолында атқарылып жатқан жұмыстарды таныстырды.

“Ақыл-парасат адамға өз өмірін жақсарту үшін қажет” деп Елбасы айтқандай, қазіргі уақытта жастар арасында олардың парасатты тұлға болып қалыптасуы үшін идеологиялық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ал “Ел басқару білімнен емес, мінезден” деп Әлихан Бөкейханның сөзіне келетін болсақ, бұл жерде Алаш көсемі мінезді бетке айтатын сыртқы мінез емес, ішкі рухани қуаты бай, парасатты болуды меңзеп тұр деп түсінемін”, – деді ол.

Сонымен қатар Бақытжан Жүнісбеков жазушы Төлен Әбдіктің “Парасат майданы” шығармасынан үзінді оқып, жастарға арналған бағдарламалар жасалып жатқанын атап өтті.

Оның сөзінше, 2015 жылдан бері еліміздің жастары арасында жемқорлықпен, парақорлықпен ұсталған бірде-бір жас болмаған.

Сондай-ақ жиында Дихан Қамзабекұлы мен Серікзат Дүйсенғазы жемқорлыққа қатысты арғы-бергі тарихтан да мысалдар келтіріп, жастарды бұл жаман әдеттен аулақ болуға шақырды.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив