АШМ СҚО-ның инвестициялық жобалардың құрылысын жеңілдікпен қаржыландыру тәжірибесінің ауқымын кеңейтуді жоспарлап отыр

АШМ СҚО-ның инвестициялық жобалардың құрылысын жеңілдікпен қаржыландыру тәжірибесінің ауқымын кеңейтуді жоспарлап отыр

Солтүстік Қазақстан облысының АӨК-дегі инвестициялық жобаларды қаржыландыру жөніндегі тәжірибесін әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация арқылы бүкіл Қазақстан бойынша масштабтау жоспарланып отыр. Бұл туралы «Атамекен» ҰКП, Сауда министрлігі, сондай-ақ Ауыл шаруашылығы министрлігі басшылығының бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесуінде Ауыл шаруашылығы вице-министрі хабарлады.

 Жеңіс Өсербай 2021 жылы СҚО әкімдігіне ауыл шаруашылығындағы инвестициялық жобаларға жеңілдікпен кредит беру үшін «Солтүстік» ӘКК жарғылық капиталын толықтыруға 15 млрд теңге бөлінгенін еске салды. Пилоттық жоба өңірде 17 жаңа өндіріс ашуға мүмкіндік берді, оның ішінде құс фабрикалары, қой фермалары, жылыжай кешендері және майлы дақылдарды қайта өңдеу кәсіпорндары бар.

ӘКК 2022 жылы 23 инвестициялық жобаны қаржыландыру үшін тағы 20 млрд теңге алды: сүт-тауар фермалары, қой, құс, шошқа өсіру, майлы дақылдарды өңдеу, көкөністер мен картоп өсіру үшін су алу және беру инфрақұрылымын дамыту көзделді.

«Екі жыл ішінде СҚО бойынша 21 сүт-тауар фермасы салынды, ал 2020 жылға дейін еліміз бойынша жыл сайын орта есеппен 2-3 сүт-тауар фермасы салынып келген болатын. Соның арқасында еліміз бойынша 584 мың тонна сүт немесе барлық сүттің 10,5%-ын Солтүстік Қазақстан облысы өндіреді», - деді вице-министр.

Қазіргі уақытта Ауыл шаруашылығы министрлігі СҚО тәжірибесін еліміздің басқа өңірлерінде енгізу мәселесін пысықтап жатыр. Бұл ішкі нарықты сүт өнімдерімен, құс етімен, маусымдық көкөністермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге негізгі борышты өтеу бойынша 24 ай жеңілдікті кезеңмен 2,5% сыйақы мөлшерлемесімен 10 жылға дейінгі мерзімге қарыз беру жоспарланып отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

4 пікір

  1. аватар
    Esteban 27 октября 2023 14:07

    Nice post. I was checking continuously this blog and I'm
    impressed! Very helpful information specially the last part :) I
    care for such info a lot. I was seeking this particular
    information for a long time. Thank you and good
    luck.

    Also visit my web-site ... betaalbare buspirone prijs

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив