Ел экономикасы 7 айдың қорытындысына сәйкес 4,8%-ға өсті

Ел экономикасы 7 айдың қорытындысына сәйкес 4,8%-ға өсті

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен республикалық бюджеттің атқарылуы қаралды.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров есепті кезеңде Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 4,8%-ды құрағанын баяндады. Атап айтқанда, нақты сектор 4,6%-ға, ал қызмет көрсету саласы 4,7%-ға жетті. Негізгі салалардың барлығында оң динамика байқалады, әсіресе құрылыс, сауда, сондай-ақ ақпарат және байланыс салалары ең жоғары өсімді көрсетті.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 12,4%-ды құрады. Инвестициялар ағыны көлік және қоймалауда – 58%-ға, білім беруде – 24,3%-ға, саудада – 22,6%-ға, ауыл шаруашылығында – 21,3%-ға, өнеркәсіпте – 9%-ға, оның ішінде тау-кен өнеркәсібінде – 8,4%-ға өсті.

Қаңтар-маусым айларында сыртқы сауда айналымы 4,3%-ға өсіп, $67,2 млрд-ты құрады. Экспорт $38 млрд-ты, оның ішінде өңделген тауарлар экспорты – $12,1 млрд-ты құрады. Тауар импорты $29,3 млрд-қа жетті. Жалпы, республиканың оң сауда балансы $8,7 млрд-қа тең.

Премьер-Министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, есепті кезеңде мемлекеттік бюджетке 10,4 трлн теңге кіріс түскен, жоспар 98,2%-ға орындалған. Атап айтқанда, республика бюджеті 6,8 трлн теңгеге, жергілікті бюджет 3,5 трлн теңгеге толықты. Сонымен қатар мемлекеттік бюджет шығыстары 98,8%-ға, республикалық шығыстар 99,3%-ға, жергілікті шығыстар 98,8%-ға орындалды.

Премьер-Министр өткен 7 айдың қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасы дамуының оң динамикасына нақты сектор айтарлықтай үлес қосқанын атап өтті. Мәселен, өңдеу өнеркәсібінде өсім – 3%-ды, азық-түлік өндірісінде – 4,5%-ды, сусындар өндірісінде – 6,4%-ды құрады. Жеңіл өнеркәсіп саласы – 21%-ға өсті. Ол тоқыма бұйымдары өндірісіндегі 37%-дан астам өсім есебінен қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар пластмасса және дайын металл бұйымдарының өндірісі – 8%-ға, химия өнеркәсібі – 4,1%-ға артты. Машина жасау саласы – 29%-ға өсті. Оған автомобиль жасауда – 43%, электр жабдығы өндірісінде – шамамен 34,5%, локомотивтер мен вагондар жасауда – 30% өсім есебінен қол жеткізілді.

Сонымен қатар есепті кезеңде жиһаз өндірісі – 15%-ға артты. Құрылыс саласы – 12% тұрақты өсім көрсетті, 8,5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Қызмет көрсету саласында сауда шамамен 10%-ға, байланыс – 8%-дан астам және көлік саласы 7%-ға өсті.

Жалпы, 7 айдың қорытындысы бойынша Абай, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы қаласында барлық негізгі макрокөрсеткіштер бойынша өсім бар. Ал, Атырау, Алматы және Ұлытау облыстарының көрсеткіштері төмен.

-- «Жауапты мемлекеттік органдар мен өңір әкімдіктері негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша жұмыстарды күшейтуі тиіс», — деді Әлихан Смайылов.

Ол Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында орта мерзімді кезеңде жыл сайынғы экономикалық өсімді 6% деңгейінде қамтамасыз етуді тапсырғанын еске салды.

-- «Экономиканың өсуін ынталандыру үшін жүйелі түрде пәрменді шаралар қабылдау қажет. Экономиканы әртараптандыру, өзіміздің отандық өндірісті одан әрі дамыту, инвестицияларды арттыру, жаңа жұмыс орындарын құру шараларын күшейту керек», — деді Премьер-Министр.

Оның айтуынша, бағаның өсуін тежеу де Үкіметтің басым бағыты болып қала береді. Осы жылдың ақпан айынан бастап республикадағы инфляция біртіндеп баяулады. Қабылданған шаралардың арқасында оны 14%-ға дейін қысқартуға мүмкіндік туды.

-- «Бұл ретте біздің алдымызда жыл соңына дейін инфляция деңгейін өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге төмендету міндеті тұр. Инфляцияға негізгі үлесті азық-түлік өнімдері жалғастырып отырғанын ескере отырып, алдын алу шараларын уақтылы қабылдау қажет. Бұл үшін барлық қажетті мүмкіндік бар. Олар инфляция деңгейін бақылау және төмендету жөніндегі іс-шаралар кешенінде көрсетілген», — деді Премьер-Министр.

Үкімет басшысы мемлекеттің экономикадағы үлесін төмендету жұмысын күшейту қажеттігін атап өтті. Осылайша, Жекешелендірудің кешенді жоспары аясындағы іс-шараларды тиісті жол карталарына сәйкес бұлжытпай орындау керек. Сондай-ақ жекешелендіру үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етуге ерекше назар аудару қажет.

Қорытындылай келе, Премьер-Министр алдағы 3 жылға арналған Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспарын және бюджет есебінен қаржыландырылатын іс-шараларды уақтылы орындаудың маңызды екенін атап өтті.

https://primeminister.kz/kz/news/el-ekonomikasynyn-7-aydagy-osimi-48-dy-kurady-25060

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив