ЕЛОРДАЛЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ  2019 ЖЫЛЫ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

ЕЛОРДАЛЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ 2019 ЖЫЛЫ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

 

Елордада 2019 жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылау бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары Жазира Жылқышиева, «Астана - адалдық алаңы» жобасының жетекшісі Мирас Шекенов, Арнайы мониторингтік тобының төрағасы Шавкат Исмаилов және Департамент жанындағы ақпараттық үгіт-насихат штабының жетекшісі Сәдібек Түгелдің қатысуымен есеп беру кездесуі өтті.

Кездесу барысында Жазира Жылқышиева Transparency International халықаралық үкіметтік емес ұйымының 2019 жылы жүргізген «Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі» атты жыл сайынғы зерттеу нәтижесімен таныстырды.

Былтырғы жылмен салыстырғанда Қазақстан 34 балл жинап 113 орынды иеленді.

2019 жылы Елордалық департамент 143 мыңнан астам адамды қамтыған мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, квазимемлекеттік және жеке сектор ұйымдарының өкілдері арасында 1587 іс-шара өткізді.

Сондай-ақ, өскелең ұрпақтың бойына адалдық, әділдік және парасаттылық қағидаларын қалыптастыру мақсатында 49 мыңнан астам оқушыны қамтыған 60-тан астам адалдық сабақтары өткізілді.

Департамент жұмысының басым бағыттарының бірі - азаматтарды жеке қабылдау.

Азаматтар күн сайын басшымен және оның орынбасарларымен туындаған мәселелер бойынша кездесуге мүмкіндік бар.

2019 жылы 84-тен астам жеке қабылдау өткізіліп, 363 адам департаменттің көмегіне жүгінді. Олардың 312-нің құқықтары қорғалды.

Шағын және орта бизнес кәсіпкерлеріне заңсыз қысым жасағаны үшін олардың құқықтары қалпына келтірілді.

Мәселен, 11 қазанда елордалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментіне Инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының заңсыз әрекеттері үшін «Алия» ЖК директоры М.Ж. Медресов мырзадан және бір топ кәсіпкерлерден (55 шағым) шағым түсті. Департамент басшысы Нұрлан Қыдырбаевтың және барлық мүдделі тараптардың қатысуымен жиналыс өткізіліп, мәселе оң шешімін тапты.

Сонымен қатар Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшаға өтініш келіп түскеннен кейін департамент басшысының жеке қабылдауында кәсіпкер А. Шөжееваның шағымы бойынша шұғыл шаралар қабылданып, «Kazakһ torizm» Ұлттық компаниясы атқарған жұмысы үшін «Big Name» ЖШС-не тиісті қаражатты аударып берді. 

Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор тарапынан сыбайлас жемқорлыққа тап болған кез-келген азамат Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментімен байланыса алады немесе сыбайлас жемқорлық фактілері туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына, + 7 775 160 5532 WhatsApp нөмірі арқылы хабарласуға болады.

Жеке қабылдауға жазылу келесі мекенжай бойынша: Тоқпанов, 45. Байланыс нөмірі: 72-66-42.

Кездесу барысында Мирас Шекенов пен Шавкат Исмаилов «Астана - адалдық алаңы» жобасы мен арнайы монитрингтік топ аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты.

Елордада жоба аясында «ашық әкімдік» тұжырымдамасы белсенді түрде жүзеге асырылуда. Елорданың Есіл және Сарыарқа аудандық әкімдігінде азаматтарға қызмет көрсететін заманауи фронт-кеңселер ашылды. Кәсіпкерлерге қызмет көрсететін жаңа «IQala» орталығы жұмыс істейді. «Қоғамдық бақылаудың интерактивті картасы» және «Қатысу бюджеті» аясында бюджеттің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша жаңа құралдар енгізілуде.

Осы және басқа да бастамалар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қолдауымен «Астана – адалдық алаңы» жобасы аясында халықпен кері байланыс орнату күшейтілуде.

Осы жылы Арнайы мониторингтік тобының мүшелері ҰБТ кезінде емтихандарға бақылаушы ретінде қатысты.

Бақылаушылардың негізгі міндеті - емтихандарды әділ тапсыру.

Мониторинг жұмыстары С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті,  Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінде жүргізілді.

Ақпараттық үгіт-насихат штабы құрылғалы бері 27 еңбек ұжымымен кездесу өткізген. Осы шараларға 5000-нан астам адам қатысқан.

«Қамтылған аудиториялардың барлығы штаб мүшелеріне алғыстарын білдірді. Азаматтардың ыстық ықыласы бізге жаңа серпін беруде» - деді Сәдібек Түгел.

Ақпараттық үгіт-насихат штабы мемлекеттік,  әскери және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, жоғары оқу орындары, колледждер және орта білім беру мекемелерінің студенттері және оқушылармен кездесулер өткізген.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив