Елордада азаматтарды күзгі әскери мерзімді қызметке  шақыру басталды

Елордада азаматтарды күзгі әскери мерзімді қызметке шақыру басталды

 

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының жиын пунктінде күзгі әскерге шақыру науқаны басталды.

Жалпы осы күзде Нұр-Сұлтан қаласының 800-ден астам шақыру жасындағы азаматтары Қарулы Күштердің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі және Ұлттық ұлан әскери бөлімдері қатарына Отан алдындағы борышын атқару үшін аттанатын болады. Осы мақсатта 18 бен 27 жас аралығындағы жалпы саны 9 000 ер азаматты әскерге шақыру дәрігерлік комиссиясының сараптамасынан өткізу жоспарланып отыр.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаменті штаб бастығы полковник Айдын Сағынбеков:

«Күзгі әскерге шақыру науқаны қыркүйек айынан бастап желтоқсан айының аяғына дейін жүргізілетін болады. Жас сарбаздардың алғашқы тотарын келесі аптадан бастап әскери бөлімдерге жібереміз.

Қарулы күштеріміз озық технологиялар және заманауи техникалармен кеңінен жабдықталуда. Сол себепті әскеріміздің қатарын жас сарбаздармен толықтыруды сапалы жүргізуге аса көңіл бөлудеміз. Шақырылушылардың дәрігерлік комиссия өтуі және әскери командаларды жасақтау кезінде пандемияның алдын алу шараларының барлығы қатаң қолданылып, әлеуметтік қашықтық сақталынатын болады. Сақтану шаралары көктемгі әскерге шақыру науқаны кезінде де іске асырылған болатын, тәжірибеміз бар.

 Елордамыздан шақырылған сарбаздарымыз елдің қорғаныс қабілеттілігіне өз үлестерін қосып, әскери қызметтерін үздік атқаратынына сеніміміз мол!»

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив