Бүгін Елордалық жас сарбаздар Қарулы Күштер қатарына мерзімді қызмет атқаруға аттанды

Бүгін Елордалық жас сарбаздар Қарулы Күштер қатарына мерзімді қызмет атқаруға аттанды

 

Елордада

«Ел тірегі - 2019» республикалық акциясы қызу жүріп жатыр

 Қалалық әскерге шақыру және дәрігерлік комиссияларының «Жастар жылындағы» жұмысы

 Әскери қызметші болу – құрметті іс!

 

Бүгінгі Нұр-Сұлтан қаласының жиын пунктінен әскерге шақырылушылар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлері «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінің қатарына 2019 жылғы күзгі шақырылымның жас толымы болып аттанды.  Жалпы осы күзде Нұр-Сұлтан қаласының 800-ден астам шақыру жасындағы азаматтары әскери қызметке аттандырылады. Оның ішінде 300 азаматымыз Қарулы Күштердің әскери бөлімдері қатарында қызмет ететін болады.

 Жөнелтілген Елордалық жастарымыз механикаландырылған бригада құрамында мерзімді әскери қызметтерін атқарып, ел тыныштығын қорғамақ.   

  • Дәрігерлік сараптама барысында Қарулы Күштерде қызмет ету үшін адамдар денсаулық жағдайының сәйкес келуіне қойылатын бекітілген талаптарды қолдана отырып шақырылатын жастарды әскерлердің тектері мен түрлеріне алдын ала бөлудеміз. Бір қуантатыны, жастардың денсаулықтарының жалпы жағдайы жылдан жылға жақсарып келеді. Емделуді қажет ететін жастар да бар. Оларға шақыруды кейінге қалдыртып, тізімдерін емдеу мекемелеріне тапсырып, жоспарлы түрде қадағалап отырмыз. Денсаулықтары түзелгеннен кейін әскери қызметке аттандырамыз. Осылай ел қорғайтын – елге тірек болатын жас азаматтардың санын жылдан жылға көбейтеміз деп ойлаймын - дейді Қалалық әскерге шақыру дәрігерлік комиссиясының төрағасы Омаров Болат Мұрәділұлы.

  

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығының орынбасары майор Ақжолтай Елемесұлы Уалиахметов былай дейді:

  • Бұл күндері «Ел тірегі - 2019» республикалық акциясы еліміздің барлық өңірлерінде қызу жүріп жатыр. Қыркүйек айында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің әскери бөлімдерін жас толыммен толықтыруды аяқтадық. Нәтижеміз жақсы. Әскери бөлім командирлерінен біздің жөнелткен Елордалық сарбаздарымыздың үздік қызметтері мен елдің қорғаныс қабілеттілігіне қосып отырған еңбектері туралы алғыстары да келіп отыр.

Әскери қызмет атқаруға ұмтылатын жастарымыздың саны мол. Қарулы Күштеріміз озық технологиялар және заманауи техникалармен кеңінен жабдықталуда. Ендігі кезекте Қарулы Күштерімізде қызмет атқару үшін белгіленген сын-талаптарымыздан сүрінбей өткен жастарымызды әр әскердің түрлеріне қарай бөлудеміз. Әскери қызметке білімді де білікті, денсаулығы мықты, психологиялық тұрғыдан сабырлы, байыпты жастардың арасынан үздіктердің үздігін, әскери бөлімдерге қажетті мамандық иелерін жіберудеміз. Дегенмен әскери қызметке тек мамандығы бар ғана жастарды шақырып отырған жоқпыз.

Еліміздің Тұңғыш Проезиденті Н.Ә. Назарбаев 2019 жылды – Жастар жылы деп жариялай отырып, Қазақстанның болашағы саналатын жастарды қолдау және жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керекігін айқындаған болатын.

Бұл бағыттарда Нұр-Сұлтан қаласы қорғаныс істері жөніндегі дерпартаменті қалалық әкімдікпен бірлесе отырып мамандығы жоқ және жұмыспен қамтылмаған жастар бойынша келісілген кешенді жұмыстар жүргізіп келеді. Мысалға 2019 жылғы көктемгі әскерге шақыру науқанында әскерге аттандырылған 826 азаматтың 514 адам, яғни – 62,2% жұмыссыз жастар болатын. Нормативтік құқықтық актілер бойынша мамандығы жоқ жастар әскери мамандықтар алу үшін оқу-жаттығу бөлімдеріне жіберіледі. Бұл оларға болашақта әскери қызметті келісімшарт бойынша жалғастыруға ұтымды мүмкіндік береді. Олардың көпшілігі мерзімді әскери қызметтен кейін келісімшарт бойынша қызметте қалып та жатыр. Келісімшарт бойынша қызметті жалғастыра отырып әскери қызметші әлеуметтік көмекке ие болады: баспанамен қамсыздандыру, төмен пайыздық мөлшермен ипотекаға мүмкіндік, өзіне жәнежанұясына тегін медициналық қызметтер, санаторияларда емделу, балабақшаға кезектен тыс орын, жанұясының мүшелерін жұмысқа орналастыру, зейнетке ерте шығу бойынша.  

Бұл туралы әскерге шақырылушылардың ата-аналары да біле отырып, ұлдарының әскери қызметке бару шешімін қолдауда. Әскерге шақыру комиссиясының жұмысы кезінде әскерке шақыру ережелеріне сәйкес ата-аналар шақырылып, өз балаларының болашақтағы әскри қызметтегі мүмкіндіктері туралы керекті мәліметтер мен кеңестер алады.

Шығарып салу рәсіміне Нұр-Сұлтан қаласы әкімшілігінің өкілдері, Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшылығы, сондай-ақ ҚР ҚК ардагерлері мен сарбаздардың туған-туыстары қатысты.

Олар болашақ сарбаздарға Отан алдындағы борышын адал өтеп, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің батырлығын дәріптеп, сарбаздық қызметті абыроймен атқарып, үйлеріне үздік қызметіне деген марапаттармен оралуларын тіледі.

Ауған соғысының ардагері Мейрамбек Уашұлы Тулекпаев:

- Отанымыздың тыныштығы мен еліміздің бейбіт өмірін сақтауды сіздерге тапсырып отырмыз! Алдыңғы буын ағалар – өз қасиетті міндетерімізді абыроймен атқардық! Кейінгі толқын інілер – сіздер де ел сенімін ақтап «Ел Тірегі» атағын биік ұстайсыздар деп ойлаймыз. Біз сіздерге – жастарға сенеміз! Сапарларыңыз сәтті болсын! – деді.   

Аға буынның ізгі тілектерінен кейін сарбаздар үшін концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, аяқталғаннан кейін естелік фотоға түсірілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

5 пікір

  1. аватар
    Ada 2 марта 2023 18:16

    Attractive section of content. I just stumbled upon your website
    and in accession capital to assert that I acquire in fact enjoyed account your
    blog posts. Any way I will be subscribing to your augment
    and even I achievement you access consistently rapidly.

    Here is my site :: hair
    loss treatment

  2. аватар
    Sharyl 29 марта 2023 11:37

    Have you ever considered creating an e-book or guest
    authoring on other websites? I have a blog based
    on the same ideas you discuss and would love to have you share some stories/information.
    I know my subscribers would value your work. If you are even remotely interested, feel free to shoot me an e mail.


    My page ... Reda

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив