Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы  Заңға биыл 5 жыл толады

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы Заңға биыл 5 жыл толады

Тәуелсіздіктің бастапқы күндерінен Қазақтан өзінің құқықтық кеңістігін қалыптастыруды қолға алды. Алғаш қабылданған заңнамалық актілердің бірі 1991 жылғы 23 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы концессиялар туралы» Заңы болды. Мемлекет бұл заңды қабылдай отырып мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі - МЖӘ) саласындағы құқықтық қатынастарды реттеудің маңыздылығын атап көрсетті.

Бүгінгі таңда, тәуелсіздік алғаннан кейінгі 30 жылдан кейін МЖӘ саласында кең заңнамалық база қарастырылған.

Қазақстандағы МЖӘ құқықтық базасының қалыптасу хронологиясына көз жүгіртетін болсақ, жоғарыда аталған заң 1993 жылы күшін жойып, бұл мәселе 13 жылдан кейін қайта көтеріліп, «Концессиялар туралы» қолданыстағы Заң 2006 жылдың 7 шілдесінде қабылданды. 2013 жылы «Концессиялар туралы» Заңға айтарлықтай өзгерістер енгізіліп, онда алғаш рет МЖӘ ұғымы берілді, принциптері анықталды. Жобаларды икемді құрылымдау үшін келісімшарттардың жаңа түрлері қарастырылды. Сонымен қатар, бизнес үшін тартымды жаңа механизмдер пайда болды, атап айтқанда: қол жетімділік үшін төлем, тарифтік реттеудің тұрақтылығы, секвестрден қорғау және конкурс рәсімдері бір сатылы және екі сатылы түрлерге бөлінді.  

Алайда, одан кейінгі жылдары осы саладағы құқық қолдану практикасы бизнес субъектілерін МЖӘ-ға тарту шараларының жеткіліксіздігін көрсетті. Концессия механизмі негізінен ірі инфрақұрылымдық жобаларға бағытталды. Сондықтан, халықаралық және отандық тәжірибесі негізінде МЖӘ қолдану жүйесін мүмкіндігінше анық құру қажеттілігі туындады. «Қазақстан – 2050» Стратегиясында МЖӘ механизмін енгізуге ерекше көңіл бөлінді. Соның нәтижесінде 2015 жылғы 31 қазанда «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» жаңа заң қабылданды.

Жаңа Заң МЖӘ аясын, оған қатысушылардың шеңберін кеңейтті, әріптестердің құқықтары мен міндеттерін белгіледі; МЖӘ субъектілерінің қатысу нысандарын, МЖӘ жобаларын қаржыландыру көздері мен мемлекеттік қолдау шараларын айқындады; тікелей келіссөздер арқылы шарт жасасуға мүмкіншілік енгізді.

Сол мезеттен бастап Қазақстанда МЖӘ дамуының жаңа айналымы басталды деуге болады. Жаңа заң сұранысқа ие болып, ондағы тетіктер іс жүзінде жұмыс істей бастады. Оған дәлел, МЖӘ шарттарының белсенді өсуі болды. Сонымен, МЖӘ туралы Заң қабылданғаннан кейінгі келесі жылы, яғни 2016 жылы 15 МЖӘ шарты жасалды, 2017 жылы - 163 шарт, 2018 жылы - 292, 2019 жылы – 274, ал ағымдағы жылы - 63 МЖӘ шарты жасалды.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы Заңға биыл 5 жыл толады. Осы жылдарда МЖӘ жобалары елдің барлық аумағында, негізінен, әлеуметтік салада (денсаулық сақтау, білім салаларында), тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықта қолға алынды.   

Нормативтік-құқықтық базаны қалыптастыру жұмыстары осымен аяқталмады. Мемлекет МЖӘ жобаларын іске асыру тәжірибесін жинақтай келе, МЖӘ туралы заңнамаға тиісті өзгерістер енгізіп отырды. МЖӘ саласындағы заңнаманы реформалаудың келесі кезеңі 2017 жылы өтті. Мәселен, салалық мемлекеттік органдар мемлекеттік бағдарламалар арқылы әр саланың ерекшелігін ескере отырып, стандартталған (біртекті) МЖӘ жобаларын жоспарлаудың арнайы рәсімдерін белгілеу мүмкіндігін алды. Сонымен қатар, МЖӘ жобасын жоспарлау мерзімі орташа алғанда 7 айдан 3 айға дейін қысқарды. МЖӘ шарттарын қазынашылық тіркеу талабы енгізілді. Бұл талап, атап айтқанда, ұзақ мерзімді МЖӘ шарттарына инвесторлардың сенімін арттырды.

2018 жылғы заңнамалық түзетулер МЖӘ шарттарының екінші деңгейдегі банктер үшін кепіл ретінде қабылдануын қамтамасыз етуге бағытталды.

2018 жылы Дүниежүзілік банк МЖӘ инфрақұрылымдық жобаларына зерттеу жүргізіп, оның қорытындысын жариялады[1]. Бұл зерттеуде МЖӘ-де озық тәжірибесі бар елдердің нормативтік базасы салыстырылып, Дүниежүзілік банктің пікірі бойынша, Қазақстан МЖӘ саласындағы заңнамалық базаны қалыптастыру жолында өте жақсы нәтижелер көрсетуде.

Қазақстанның МЖӘ саласындағы құқықтық және институционалдық ортаны құру жөніндегі әрекетіне берілген халықаралық тағы бір бағалау - Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) 2019 жылға арналған есебі - Public Private Partnerships Review оf Kazakhstan[2]. ЕҚЫҰ жасаған қорытындыда: «Қазақстан ұлттық және аймақтық деңгейлерде МЖӘ дайындаудың жақсы құқықтық және институционалды негізін құрды» делінген.

Ұзақ уақыт бойы МЖӘ моделі баға мен сапаның арақатынасы тұрғысынан, мемлекеттік сатып алуларға балама ретінде, сондай-ақ жобаның кейбір тәуекелдерін жеке секторға беру әдісі ретінде қарастырылды. Алайда, соңғы жылдары жағдай өзгере бастады. МЖӘ жобалары «нақты қажеттіліктерді» қанағаттандыруға бағытталуы керек. БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы ұсынған «МЖӘ адамдар мүддесі үшін» қағидаты осыны меңзейді.

Қазақстан Республикасының Президенті 2019 жылдың 15 шілдедегі Үкіметтің кеңейтілген отырысында бюджет қаражатын біріншіден халықтың өзекті мәселелерін шешуге бөлу керек деп атап көрсетті.

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың 2019 жылдың 24 мамырдағы Ұлттық инвесторлар кеңесінің отырысында МЖӘ әлеуетін сапалы ашып көрсету қажеттілігін атап өтті. Атап айтқанда, инвестициялардың қайтарымдылығы бюджеттік төлемдер арқылы ғана емес, негізінен тарифтер, ақылы қызметтер және басқа да нарықтық құралдар арқылы қамтамасыз етілуі керек екендігі айтылды.

Жалпы айтатын болсақ, МЖӘ жеке инвестицияларды тартатын және инфрақұрылымдық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыратын институт ретінде бүгінде үлкен әлеуетке ие. МЖӘ механизмінің негізгі артықшылығы мемлекеттік бюджетке түсетін ауыртпалықты азайту.

Биылғы жылы коронавирустық пандемияның таралуы әлемнің көптеген елдерінің, сонымен қатар Қазақстан экономикасының күрт құлдырауына, экономикалық белсенділіктің төмендеуіне, тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге сұраныстың төмендеуіне, жұмыс орындарының қысқаруына және басқа да жағымсыз салдарға әкелді.

Сондықтан, МЖӘ саласындағы заңнаманы жетілдіру ғана емес, сонымен бірге жалпы кешенді институционалды жұмыстарды жалғастыру қажет (жобаларға қаражат тарту мәселесі, инвесторларды ақпаратпен қамтамасыз ету және тағы басқалар).

Сайып келгенде, МЖӘ-нің жүйелі, мақсатты дамуы, бір жағынан, мемлекетке әлеуметтік инфрақұрылым мәселелерін шешуге, мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсартуға, осы мақсаттарға бюджет қаражатын үнемдеу үшін жеке сектордың ресурстарын тартуға мүмкіндік берсе, екінші жағынан, кәсіпкерлік субъектілері үшін МЖӘ жаңа инвестициялық мүмкіндіктер ашады.

 

Қазақстандық МЖӘ орталығы АҚ
Әдіснама кеңсесінің

Вице президенті Рысбек Нурпеисов

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив