Ата Заң- алтын тұғырымыз!!!

Ата Заң- алтын тұғырымыз!!!

Осыдан жиырма төрт жыл бұрын, 30-тамызда Қазақстан халқы тарихи шешім қабылдап, еліміздің құқықтық өміріндегі жасампаз жаңа кезеңге қадам басқан болатын. Содан бері қарай тәуелсіздігіміздің тірегіне айналған Ата Заң - мемлекет пен қоғамда орын алып отырған барлық саяси-экономикалық, әлеуметтік реформалардың алға қарай басуына, дамудың қайнар бастауына айналды.

Мемлекет пен қоғамның дамуындағы өзгерістер- демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік ел ретінде орнығу талпыныстарының барлығы Ата Заң қағидалары негізінде жүзеге асырылып келеді.

Қазақстанның Ата Заңы әлемдегі ең жас Конституциялардың бірі болып саналады екен. Расында, бүкіл мемлекеттік құрылымды айғақтайтын, елдіктің бастауы болып табылатын құжат енді ғана 24 жасқа толып отыр. Әрине, тарих ауқымымен айтқанда, бұл азғантай ғана мерзім. Десе де, осындай алмағайып заманда Қазақстанның Ата Заңы уақыттың сынынан сүрінбей өтті, өзінің заман талабына лайықтығын жан-жақты дәлелдеді. Көптеген зерттеушілердің пікірінше, Қазақстанның Конституциясы әлемдегі жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптейтін ең үздік 50 конституцияның бірі болып саналады екен. Бұның өзі Ата Заңымыздың үлкен әлеуетін білдірсе керек.

Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, Қазақстан Республикасы ел болып еңсесін көтеріп, тәуелсіздік алып елдігін арттырғаннан бергі жасампаз істерінің бірі және ең басты қадамы Конституцияны қабылдаумен тұтастай байланысты. Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін бізге бүгінгі өмір шындығымен және алдағы уақытпен бірге қадам басып, өткен ұрпақтың іс-тәжірибесі мен жарқын болашаққа деген сенімді жинақтаған Негізгі заң қажет болды. Тәуелсіз Қазақстанның Констиуциясы ашық және демократиялық қоғам орнатудың негізгі принциптерін баянды ететін аса маңызды құжат болып табылады.

Ел егемендігінен кейін ең алғаш рет 1993 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының алғашқы Конституциясы егемендік тарихындағы ең демократияшыл құжат болып табылған еді. Алғаш қабылданған 1993 жылғы Конституцияның мәні мен маңызына келетін болсақ, бұл Негізгі құжат Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті көрсеткен төрт мәселеге жауап беруі және соған жағдай жасауы тиіс болатын. Оның біріншісі- мемлекеттік билікті басқарудың барлық жүйесін нығайту, екіншіден- экономикалық реформаны жүргізе отырып, елді сол кездегі терең дағдарыстан шығару, үшіншіден - жас мемлекеттің сыртқы саясатын қалыптастыру, төртіншіден - ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ететін заңдық негіздерді Ата Заңда көрсететін болатын.

Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың «Қазақстан жолы» кітабында, жоғарыда қамтылған төрт мақсатты шешіп беретін баптар әуелгі Конституцияның жобасында барынша қамтылмады. Тұңғыш Президент бұл ретте Конституцияның жобасы еліміздегі саяси, әлеуметтік-экономикалық үдерістен алшақ қалғанын жазады. Сөйтіп, уақыт өте келе заман ағымы мен сұранысына қарай, Конституцияның кейбір тұстары нарықтық қоғамдағы өзгерістерге сәйкес болмай шыққаны байқалды. Сондықтан  да арада екі жыл өткенде 1995 жылы қазіргі Констиуция қабылданды. Осылайша, тәуелсіздік жылдары Қазақстанның мемлекеттілігін айқындайтын Ата Заң қайта жанданды. Өйткені 90-шы жылдардың басында Қазақстанның саяси-экономикалық жағдайы мүлдем басқаша болатын.

1995 жылғы Конституцияны талқалау кезеңінде еліміздегі беделді заңгерлерден бөлек, Францияның Констиуциялық Кеңесінің өкілдері, осы елдің Мемлекеттік Кеңесінің мүшелері, Ресей зерттеу орталығының ең беделді заңгерлері жобалық жұмыстың жоғары талқылау шараларына ат салысқан. Айта кетсек, тәуелсіздік тарихында тұңғыш рет бүкілхалықтық талқалауға салынған да, елдің көптеген пікірі ескерілген Негізгі заң да осы-1995 жылы қабылданған Конституция. Қазір келтіріп жүрген ресми мәліметтерге қарасақ, құжатты талқылауға 3 млн.345 мың адам қатысыпты. Жұртшылық тарапынан сарапталған 31 мың 886 ұсыныс түссе, соның 1 мың 100-і конституция жобасына енгізілген.

Бұл жөнінде тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың «Қазақстан жолы» атты кітабында: «1995 жылғы Конституция тақыр жерде пайда болған жоқ. Ол егемен Қазақстанда конституциялық құрылыс орнату үшін бұрыннан жинақталған тәжірибелерді, сондай-ақ шетелдік тәжірибелерді барынша толық пайдаланған еді.   

Сондықтан да, кімде-кім еліміздің Негізгі Заңының рухы мен маңызын терең түсінгісі келсе, оны жасаудың, қалыптастырудың тарихын жақсы білуі керек»,-деген болатын.

Қорыта айтқанда, 24 жасқа толып отырған Конституция тәуелсіз мемлекет ретінде дамуымызға даңғыл болып, елдің бетке алған бағдарының тұтастай бөлігін қамтып отырған ең үлкен құжат болып саналады.

Конституцияға аса ұқыптылықпен қарау- бұл өзіміздің тарихымызды, елдігімізді, болашағымызды арттырудың ең үлкен бастамасы деп білемін.

Қазақстан Республикасының Конституциясы - елдің басты саяси құқықтық құжаты. Заңға бағыну- тәртіп, ал тәртіп бар жерде тәрбие, тиянақтылық сияқты адамға тән қасиеттер бар. Сол қасиеттер қоғам дамуына негіз болады.

         Өз Отанын танып, сүюі, оның заңдарына бағынуы- бұл әр адамның азаматтық  жауапкершілігін сезініп, өз елінің алдындағы азаматтық борышын орындауы деп білемін.

Ата Заң - алтын тұғырымыз!!!Келе жатырған Конституция мерекесі баршамызға құтты болып, еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!!!Елдігіміз мәңгі болсын!!!

 

                                                       

Досмурзина А.Ш.

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданарлық сотының бас маманы - сот мәжілісінің хатшысы    

                                                          

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив