Әкімшілік сот ісін жүргізуде азаматтардың конституциялық құқықтары қорғалуда

Әкімшілік сот ісін жүргізуде азаматтардың конституциялық құқықтары қорғалуда

Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 2-тармағына сәйкес Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

Конституцияның 25-бабының 2-тармағында Қазақстан Республикасында азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалатыны, заңда көрсетілген санаттағы мұқтаж азаматтарға тұрғын үй заңмен белгіленген нормаларға сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорларынан олардың шама-шарқы көтеретін ақыға берілетіні белгіленген.

Қоғамымыздағы әр адам өзінің тұрғын үйі болуы үшін әрекет жасайды. Әкімшілік орган мен азаматтар арасында туындайтын тұрғын үй даулары әлеуметтік дұрыс шешімді қабылдау тұрғысынан өзекті болып келеді. Жанжалдың өткірлігі істердің осы санаты бойынша талапкерлер көбінесе халықтың әлеуметтік осал топтары болып табылады, олар жылдар бойы тұрғын үй алу мәселесін шеше алмайды және өз құқықтарын қорғай алмайды.

Осы санаттағы істер бойынша жария-құқықтық дауларда билік органдарының шешімдері мен іс-әрекеттеріне шағым жасау кезінде азаматтар көбінесе тең емес жағдайларда болады және олардың мүмкіндіктері мемлекеттік аппараттың ресурстарымен салыстыруға келмейтіндігі айқын көрінеді.

Азаматтардың мүмкіндіктерін мемлекеттік аппараттың ресурстарымен салыстыруға болмайды. Осындай теңсіздіктерді болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (бұдан әрі-ӘРПК) қабылданып 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді.

Жаңа кодексіміз өз мақсатына қол жеткізіп отыр деп нық сеніммен айтуға болады. Оған дәлел ретінде сот тәжірибесінен мысал келтіріп өтейін.

Нұр-сұлтан қаласы сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 3 ақпандағы қаулысымен өзгеріссіз қалдырылған Нұр-сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2021 жылғы 30 қарашадағы шешімімен У-дың талап арызы қанағаттандырылды.

Сотпен Тұрғын үй инспекциясының 2020 жылғы 24 қарашадағы бұйрығы У-ды коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға мұқтаждар тізімінен алып тастау бөлігінде заңсыз деп танылып күші жойылды.

Сотпен жауапкерге, талапкерді тізімге есепке қойған күннен, яғни 2012 жылғы 19 қазаннан бастап "1 және 2 топтағы мүгедектер" санаты бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға мұқтаждар есебін қалпына келтіру міндеті жүктелген.

Сотта У-дың 2012 жылғы 19 қазаннан бастап "1 және 2 топтағы мүгедектер"санаты бойынша аталған қордан тұрғын үй алуға мұқтаждар есебінде тұрғаны анықталды.

Тұрғын үй басқармасының 2020 жылғы 24 қарашадағы бұйрығымен талапкер есептен шығарылған. Негізі ретінде - Ақмола облысында орналасқан пәтерде ерлі-зайыптылардың ортақ бірлескен меншік құқығында ¼ үлес мөлшерінде тіркелген жылжымайтын мүліктің болуы көрсетілген.

Сот дауды мәні бойынша шешкен және даулы бұйрықты заңсыз деп таныған кезде, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 73-бабының ережелерін, ӘРПК-нің 10 және 13-баптарының ережелерін негізге алды, сондай-ақ У-дың екінші топтағы мүгедек екенін және халықтың әлеуметтік осал топтарына жататынын назарға алған, осылайша талапкерді аталған тізімнен алып тастау үшін негіздер болмаған деген қорытындыға келген.

Сотқа ұсынылған жекешелендіру туралы шарттан талапкердің жалпы ауданы 43,37 ш.м. екі бөлмелі пәтерде ¼ үлесі бар екендігі, пәтерді отбасы құрамымен Р алғаны байқалады.

Сотта аталған пәтердің тұруға жарамсыз екені анықталған.

У 2- топтағы мүгедек болып табылады, есепке қою кезінде осы елді мекенде меншігінде тұрғын үйі болмаған, сондай-ақ қазіргі уақытта жоқ, сондықтан ол аталған қордан тұрғын үй алуға мұқтаж болуды тоқтатқан жоқ.

Тұруға жарамсыз пәтерде ¼ үлестің болуы талап қоюшыны есептен шығару үшін негіз болып табылмайды, өйткені ол пәтерде талап қоюшының ¼ үлесі 10,8 ш.м, яғни 15 ш. м. кем бөлікті құрайды.

Демек, дауланған бұйрық сенім құқығын қорғау мен мөлшерлестік қағидаттарын бұза отырып шығарылған.

Осылайша сотпен талап қоюшының Ата Заңымызда және арнайы заңда көрсетілген құқығы тиісті дәрежеде қорғалды.

Жаңа кодексімізде сот төрелігін жүзеге асыруда басқа көзқарасты қамтамасыз ететін түбегейлі жаңа және айтарлықтай ерекшеленетін принциптер бар. Мұндай айырмашылықтардың тиімділігі бүгінде айқын басымдыққа ие болып отыр.

Қазіргі уақытта талап қоюшылардың берген арыздарының жартысынан көбі қанағаттандырылуда, яғни шешімдерді соттар мемлекеттік органдарға қарсы шығаруда. Демек, Қазақстандықтар тарапынан әкімшілік соттарға көбірек сенім арту орын алып отыр.

Қорыта айтқанда, жаңа Кодекс бірінші кезекте әкімшілік органдар мен лауазымды адамдардың заң талаптарын қатаң түрде сақтауға ықпалын тигізуде.

Нұр-сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Б.Қ.Даутов

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

3 пікір

  1. аватар
    Michelle 5 мая 2024 23:50

    hello!,I like your writing very so much!
    share we keep up a correspondence more about your post on AOL?
    I require an expert on this space to resolve
    my problem. Maybe that is you! Taking a look forward to peer you.


    Visit my page Eulah

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив