iKOMEK Нұр-Сұлтандағы карантин ережелерін бұзушыларды анықтауға көмектеседі

iKOMEK Нұр-Сұлтандағы карантин ережелерін бұзушыларды анықтауға көмектеседі

 

Қазақстанның бірқатар өңірлерінде эпидемиологиялық ахуалдың күрделенуіне және коронавирустық инфекциямен ауырғандар санының артуына байланысты ведомствоаралық комиссия ағымдағы жылдың 20-21 маусымы – демалыс күндері қосымша шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдады.

Осылайша, Нұр-Сұлтан қаласында демалыс күндері барлық СОО, сауда үйлерінің, желілік дүкендердің, жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың, дүкендердің жұмысы тоқтатылды. Жақын маңдағы азық-түлік дүкеніне, рұқсат етілген жұмысқа, медициналық қызмет алуға баруды қоспағанда, азаматтардың үйден шығуына шектеу қойылған.

Полиция қызметкерлері қызметін күшейтілген тәртіпте атқаруда, көшелерді аралау үздіксіз жүруде. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Бас санитарлық дәрігердің талаптарының сақталуына мониторинг жүргізуге сонымен қатар Қалалық iKOMEK мониторинг және жедел әрекет ету орталығы да қатысуда.

iKOMEK-ке интеграцияланған қалалық бейнебақылау камераларының көмегімен карантин талаптарын бұзушы тұлғаларды анықтау мақсатында аула аумақтарына, саябақтарға, скверлер мен басқа да қоғамдық орындарға мониторинг жасалуда. Мұнан соң деректер елорда тұрғындары мен қонақтарына түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін жедел түрде Полиция департаментіне жолданып отырады.

Енгізіліп отырған шектеу шаралары эпидемиологиялық ахуалды жақсартып, коронавирустық инфекцияның таралуын бәсеңдетуге бағытталғанын айтып өткен жөн.

Барлық елорда тұрғындары мен қонақтарын әлеуметтік жауапкершілік танытып, асқан қажеттіліксіз үйден шықпауға және санитарлық нормаларды сақтауға шақырамыз.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив