Антикор кәсіпкерлерді қорғау бойынша «Бизнеске жол» жобасын жүзеге асыруда

Антикор кәсіпкерлерді қорғау бойынша «Бизнеске жол» жобасын жүзеге асыруда

Кәсіпкерлікті шенеуніктер тарапынан заңсыз араласудан және әкімшілік кедергілер жасаудан қорғау Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тұрақты бақылауында болып табылады.

Осы тұста, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ақтөбе облысы бойынша департаменті кәсіпкерлерді қорғау бойынша «Бизнеске жол» жобасын жүзеге асыруда.

Жобаның мақсаты – кәсіпкерлерге әртүрлі әкімшілік кедергілерді, құжаттарды ресімдеу кезінде әуре-сарсаңдарды еңсеруге көмектесу, мемлекеттік қызметшілер қабылдайтын шешімдердің мерзімдері мен ашықтығын сақтауды қамтамасыз ету.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың өзінде Департамент 40 астам кәсіпкерлердің құқығын қорғаған.

Мәселен, соның бірі кәсіпкер ауылдық амбулатория салу бойынша төлемді кешіктіру туралы шағым түсірген. Тараптар арасында жасалған шартта көзделген жұмыстардың толық аяқталуына қарамастан, облыстық құрылыс басқармасымен шарттық міндеттемелер орындалмаған. Яғни, кәсіпкерге атқарылған жұмыстар үшін төлемақы толық жүргізілмей, төлем жасау туралы өтініштері бірнеше рет назардан тыс қалған. Осыған байланысты, Ақтөбе облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жасанды әкімшілік тосқауылды жою мақсатында мүдделі тараптармен кездесу өткізді. Нәтижесінде Департаменттің араласуымен кәсіпкер алдындағы бережақ толық өтелді.

Сондай-ақ,  тағы бір бизнес субьектісі Департаментке облыстық ветеринария басқармасына шағымымен жүгінген. Басқарма үй жануарларына арналған вакциналарды сатып алу жөніндегі техникалық ерекшеліктердерде тек ұнтақты вакцинаның сипаттамаларын көрсеткен. Бірақ, ҚР нарығында қолдануға дайын түрлі өндірушілердің вакциналарының 9 түрі ұсынылған. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 21-бабына сәйкес, әлеуетті өнім берушілердің санын шектеуге әкеп соғатын шарттарды белгілеуге тыйым салынады. Осыған байланысты, Ақтөбе облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ІМАД-не конкурстық құжаттаманы сәйкестендіру үшін конкурстың күшін жою туралы хат жолданды. Нәтижесінде байқау тоқтатылды.

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив