АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ КЕЗЕҢІНДЕ ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНЫҢ ҚОРЛАРЫ ЖЕТКІЛІКТІ МЕ?

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ КЕЗЕҢІНДЕ ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНЫҢ ҚОРЛАРЫ ЖЕТКІЛІКТІ МЕ?

        Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің «Antikor ortalyǵy» сервис орталығының алаңында Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Елдар Әбуевтің және «Ақмола - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Самира Тайтенованың қатысуымен әлеуметтік желілердегі тікелей эфир арқылы «Сыр сұхбат» өтті.

        Қала басшысының орынбасары СОVID-19 вирусының таралуымен байланысты елдегі төтенше жағдай кезінде халықты азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету жұмысы туралы айтып берді.

        Елдар Әбуевтің айтуынша, қазіргі уақытта аймақ тұрғындарын әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларымен үздіксіз қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шаралар қабылдануда. Аграрлық азық-түлік нарығына реттеушілік ықпал ету және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыс аумағында азық-түлік тауарларының өңірлік Тұрақтандыру қоры жұмыс істейді. Сондай-ақ, қазіргі таңда бірінші кезекте қажетті тауарларды жеткізуді жүзеге асыратын автомобильдердің тізімін жинау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, әкімдік аймақта азық-түлік тауарларын өндіретін кәсіпорындарға жан-жақты қолдау көрсетуде.

        Спикердің айтуынша, халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге арналған қорлар жеткілікті мөлшерде бар. «Қамқор» базарында орналасқан «Есіл» ӘКК павильонында азық-түлік алуға болады.

        Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға мониторингі және өңірлік Тұрақтандыру қорын қалыптастыруға қатысты «Есіл» ӘКК қызметінің мониторингі нәтижелері туралы Самира Тайтенова айтты.

        Жүргізілген мониторинг барысында жұмыс тобы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары рұқсат етілмейтін ауқымда сатылатынын анықтады. Мониторинг қорытындысы бойынша талдау анықтамасы жасалды, ол бағаны негізсіз көтеруге монополияға қарсы ден қою шараларын қабылдау үшін тиісті органдарға жіберілді.

        Белгілі болғандай, ағымдағы жылдың 31 наурызынан Көкшетау қаласы жабылған сәттен бастап барлық бизнес нысандар өз қызметін тоқтатты. Бұған азық-түлік бөлімдері мен дәріханалар кірмейді. Олардың жұмысы санитарлық және дезинфекциялық шараларды міндетті түрде сақтай отырып, штаттық режимде жалғастырылды. Қалада барлығы 515-тен астам азық-түлік сауда орындары жұмыс істейді, бұл - дүкендер, базарлар, гипермаркеттер, супермаркеттер.

 

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаменті

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив