ТӨТЕНШЕ  ЖАҒДАЙ  КЕЗІНДЕ  IKOMEK   ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ КЕЗІНДЕ IKOMEK ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ

 

«ANTIKOR ORTALYGY» алаңында «ANTIKOR.LIVE» жобасы аясында «Астана - адалдық алаңы» жоба кеңсесінің жетекшісі Мирас Шекенов пен «iKomek қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығының» басшысы, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі жедел штабының үйлестірушісі Жаннат Дүбірова Facebook және Instagram әлеуметтік желілері арқылы онлайн сұхбат өткізді.

Жаннат Дүбірова коронавирустық инфекцияға қарсы іс-қимыл жөніндегі Жедел штабтың шұғыл желісі - iKOMEK орталығының жұмысы туралы ақпарат беріп, азаматтардың сұрақтарына онлайн жауап берді.

Спикердің айтуынша Нұр-Сұлтан қаласында карантин жариялануына байланысты азаматтардан келіп түскен өтініштерді қабылдау үшін «жедел желі» іске қосылған.

iKOMEK орталығының «жедел желісіне» өтініштерді 109 нөмірі арқылы, сонымен қатар:

  1. Әкімдіктің ресми сайты: astana.gov.kz
  2. Telegram чат-боты (t.me/nursultanikomek109_bot);
  3. iKOMEK109 мобильді қосымшасы (PlayMarket/AppStore);
  4. Smart Astana мобильді қосымшасы (PlayMarket/AppStore);
  5. aitu.city порталы арқылы қалдыруға болады.

Төтенше жағдай кезеңінде iKOMEK орталығы операторлардың санын 30-дан 62 адамға дейін арттырған. Сонымен қатар байланыс арналары кеңейтілген. Бұрын бір мезетте 70 қоңырауға жауап берілсе, қазіргі таңда азаматтардан 120 өтініш қабылданады.

13 наурыздан бүгінгі күнге дейін «жедел желіге» (iKOMEK 109) 208 мыңнан астам өтініш түскен, оның 115 мыңнан астамы коронавирусқа қатысты болған.

«Күн сайын iKOMEK109 орталығының операторлары тәулік бойы 10-15 мың қоңыраулар қабылдайды. Операторларлың барлығы мүмкіндігінше көп қоңыраулар қабылдауға тырысады. Себебі, iKOMEK - тұрғындар мен коммуналдық қызметтер, мемлекеттік органдар арасындағы көпір. Қазіргі таңда оларға халыққа көмектесу үшін үлкен жауапкершілік жүктелді.

Карантин жарияланғаннан кейінгі алғашқы 3 күнде iKOMEK109 орталығына жүгінген азаматтарды толғандыратын барлық сұрақтарға талдау жасалды. Коронавирустық инфекцияға қарсы іс-қимыл жөніндегі жедел штабпен бірлесіп 120 сұрақ және жауаптар әзірленіп, әлеуметтік желілер мен әкімдіктің сайтына орналастырылды» - деді Жаннат Дүбірова.

Орталық басшысының айтуынша, қазіргі таңда өтініштердің 87%-ы бірінші қоңырау түскен сәтте кеңес беру арқылы жабылады. Ал, «стандартты жауаптарға» қосылмаған өтініштер тіркеуге алынып, жедел штабқа жолданады.

Жедел желі арқылы елорда тұрғындары көбінесе әлеуметтік көмек, карантин режимі, 42500 ақшалай көмек, қалаға аумағына кіру/шығу сұрақтарымен жүгінген.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив