Жақындарымыз бен өзіміздің денсаулығымыз үшін!

Жақындарымыз бен өзіміздің денсаулығымыз үшін!

Атамыз қазақ жаман аурудың аттарын көп айта бермесе керек. Індеттің ушығып, ел арасын жайлап кетуінен қорыққан көрінеді.

Дегенмен айтпасқа амал жоқ әлемде  әр 10 секунд сайын 1 адам АИТВ инфекциясын жұқтырады екен. Ертеңгі күні ол ортаға сенің досың, бауырың, сүйікті адамың да түсуі мүмкін ғой. Сондықтан әркім өзін және өзгелерді АИТВ инфекциясынан сақтандыра білуі керек. Әйтпесе ұлт пен ұлысты, жас пен кәріні, жынысты таңдамайтын аурудың күн сайын өсіп, асқынып келе жатырғандығы тағы бар. Сондықтан жеке бас профилактикасына мән беру қарапайым әрі денсаулық үшін ұтымды. «Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде» деген халық даналығы өскелең ұрпаққа үлгі болса игі.                 Ендеше, АИТВ-инфекциясы деген не және оның алдын алу жолдарына тоқталайық.

Адамның иммунтапшылық вирусы инфекциясы (АИТВ)- адамның иммунтапшылық вирусы қоздырған инфекцияның организмге әсерінен дамитын дертті жағдай. Инфекция жұқтырған адамдар ешбір ауру белгілері байқалмауы, не тұмауға ұқсас симптомдары болуы мүмкін. Симптомсыз кезең ұзаққа созылады, инфекция жұқтырғанын білмеген адамнан ары қарай АИТВ келесі жолдармен таралуы мүмкін:

-презерватив қолданбаған жыныстық қатынаста;

-парентералды, қан арқылы яғни инъекциялық есірткі тұтынушылар арасында ортақ шприц қолданғанда, стерилизациядан өтпеген медициналық инструмент арқылы және АИТВ-ға тексерілмеген донордың қаны арқылы  (Бүгінгі күнде Қазақстан Республикасында донордың қаны арқылы АИТВ-жұқтыру тіркелмеген, өйткені  реципиентке құйылатын қан  бірнеше рет тексеріліп, карантинизациядан өткізіледі);

-АИТВ жұқтырған жүкті әйелден құрсағындағы нәрестеге, босану кезінде, бала емізгенде.

АИТВ жұғу жолдары өте жақсы зерттелген және біздің негізгі мақсатымыз – жаңа жұқтыруларды болдырмау, алдын алу болып табылады.

 

Инфекцияның таралуын тоқтататын нәтижелі дәрілік құралдар мен вакцина таппағанша АИТВ-дан қорғанудың ең тиімді тәсілі ол – адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырмау!

Сондықтан, АИТВ-ны жұқтырып алмас үшін не білу керек:

- кездейсоқ жыныстық қатынастан аулақ болуды;

- есірткі тұтынбау;

-татуировка, пирсинг, маникюр, педикюрды санитарлық ережелер сақталатын сән салондарына ғана  жасату, сонымен қатар, стерильды немесе бір рет қолданылатын инструмент  пайдаланғанына назар аудару қажет.

        Егер сіз АИТВ-ны өзіңізге «жұқтырып алдым ба?» деп күмәндансаңыз, дереу дәрігерге барып тексеріліңіз. Ерте қойылған диагностика, ерте қабылдаған дәрі-дәрмектер аурудың өршіп кетуін бәсеңдете тұрады.

Нұр-Сұлтан қаласының барлық қалалық емханаларында және ЖИТС-ке қарсы күрес орталығында АИТВ-ға конфиденциалдық және анонимдық түрде тексерілуіңізге болады.

 

ЖИТС орталығының мекен жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Есенберлин көшесі 5/1, сенім телефоны 38-04-64

  

ЖИТС орталығының эпидемиолог-дәрігері

З.Рахимбаева                                         

 


 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.