Алдын алу бағытындағы ауқымды жұмыс – есірткі поштасы бақылауда
Астана қаласы Сарыарқа ауданының прокуратурасы есірткі заттарының заңсыз айналымына қарсы күрес бойынша белсенді жұмысты жалғастыруда.
Есірткі және психотроптық заттарды жеткізу арналары, соның ішінде пошталық жөнелтілімдер арқылы тасымалдау жолдары толығымен бұғатталуда.
Прокуратура қызметкерлері пошта бөлімшелерінің қызметкерлерімен тұрақты кездесулер өткізіп, оларға есірткі және психотроптық заттардың ерекшеліктері, иістері және белгілері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
Сарыарқа ауданының прокуратурасының үйлестіруімен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, полиция қызметкерлері, «Қазпошта» АҚ қауіпсіздік қызметі мен Астана қаласы бойынша ҰҚК-нің Департаменті өкілдерінің бірлескен жұмысы нәтижесінде АҚШ-тан келген жөнелтілімді алған күдікті тұлға ұсталды.
Күдіктіні жеке тінту барысында жалпы салмағы 569,13 грамм болатын екі пакетке салынған каннабис сығындысы (гашиш майы) алынды.
Аталған факт бойынша ҚК-тің 286-бабының 4-бөлігі (айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың аса ірі мөлшерде контрабандасы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысы бар кінәлі тұлғалар анықталуда.
#Заң_мен_Тәртіп
Астана қаласының прокуратурасы
[xfvalue_img]