Лейтенант Айдостың жеңісі

Лейтенант Айдостың жеңісі

ҚАЖ саласында жұмыс жасайтын жеке құрам қызметкері,халық алдында парасат пайым, әдеп ілтипатымен ғана емес,сәйгүлік аттай сән түзер дене бітімі, сын-сипатымен де,ерекшеленіп тұруы міндетті. Осы қағиданы қатаң ұстанған, ЗК-169/1мекемесі РжКБ-нің инспекторы, әділет кіші лейтенанты, Алмадинов Айдос Асанұлы жұмыс пен спортты қатар алып жүрген қызметкер. Қызмет талабы болғандықтан ғана емес,спортпен айналысу Айдостың бала күннен бергі машығы болып келеді.
Мектеп кезінен-ақ, дене шынықтыру пәніне қызығушылықпен қатысатын. Бірақ,бұл жәй қызығушылық емес,есейе келе,мақсатына айналды.2002 жылы Жалаңтөс Бахадүр атындағы балаларға арналған спорт интернатына оқуға келеді. Кәсіби мамандардан еркін күрес бойынша,сабақ алған Айдос сол жылы-ақ, Арыс қаласында өткен Халықаралық жарыста 2-орын алды.Бұл жеңіс жас спортшының талабына қанат бітірді. Республикалық жарыстарға қатысып,чемпион атанды.Спортпен айналысқан,болаттай берік,құрыштай шымыр Айдос үшін,ҚАЖ саласына жұмысқа тұру қиынға соқпады. Мекеме тарапынан қойылған нормативтік талаптардан жеңіл өтті. Бақылаушы боп жұмысқа қабылданды.

2011-2019жылдар аралығында ҚАЖ қызметкерлері арасында өткізілген қоян-қолтық ұрыс жарысында  бірнеше рет 3-орын иегері атанған.Ия,спорт пен қызметін қатар алып жүрген лейтенанттың өмір дағдысы көпке үлгі болары анық.

 

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

ЗК-169/1 мекемесі

Р.Абдраманова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив