БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Қазақстанның бастамасы бойынша  жаңа дәстүр енгізілді

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Қазақстанның бастамасы бойынша жаңа дәстүр енгізілді

Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігі 2019-2020 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне сайланған елдердің ұлттық туларын орнату ресми рәсімін өткізді. Өз миссиясын аяқтаған Боливия, Қазақстан, Нидерланды, Швеция және Эфиопияның орнына БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жаңа тұрақты емес мүшелері ретінде Бельгия, Германия, Доминикан Республикасы, Индонезия және Оңтүстік Африка келді.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне жаңа тұрақты емес мүшелердің қосылуының салтанатты рәсімі БҰҰ тарихында тұңғыш рет Қазақстанның бастамасымен 2018 жылдың қаңтарында оның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде төрағалығы кезінде өткізілді. БҰҰ-ға мүше мемлекеттер осы жаңа енгізілімді Қазақстанның «жарқын жеке карточкасы» деп атады.

Бұрын Қауіпсіздік Кеңесінің залы алдындағы баспасөз қабырғасының жанында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі тұрақты емес мүшелерінің туларын ауыстыруы техникалық рәсімі болды. Жаңа дәстүрді енгізуімен бұл рәсім БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің және әлемнің жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанында аккредиттелген өкілдерінің кеңінен қатысуымен ресми іс-шараға айналды.

«Бұл салтанатты іс-шараның мақсаты БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жаңа мүшелерін тану мен құрметтеуді көрсету болып табылады. Кеңестің барлық 15 мүшесі бұл рәсім БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жыл сайынғы дәстүріне айналатындығын бірауыздан растады», - деп ҚР БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаров атап өтті. Іс-шараның маңыздылығын және оған жоғары назар аударылғанын ескере отырып, Елші Қазақстан болашақта осындай дәстүрді жалғастыруға ниетін сендірді. Ол БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жаңа тұрақты емес мүшелеріне бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты БҰҰ негізгі органында жұмыс барысында сәттілік тілеп, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің құрамында болуы әрбір мемлекет үшін бірегей мүмкіндік және сирек қадір екенін баса айтты.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі мен оның мүшелерінің жұмысын аса құрметтеудің белгісі ретінде Қазақстанның Тұрақты өкілдігі БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі мүшелерінің тулары үшін Қазақстанда жасалған және ұлттық оюлармен безендірілген арнайы тұлғырлар сыйлады.

Іс-шараға Доминикан Республикасының Сыртқы істер министрі Мигель Варгас, Бельгия, Германия, Индонезия, Оңтүстік Африканың, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде миссияны аяқтаған елдердің және басқа мемлекеттердің тұрақты өкілдері, сондай-ақ БҰҰ Хатшылығы мен БАҚ өкілдері қатысты.

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде екі жылдық жұмысын 2018 жылғы 31 желтоқсанында аяқтады.

 

Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрлігінің

баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

2 пікір

  1. аватар
    Frances 24 сентября 2023 06:10

    Greetings, I do think your site may be having browser
    compatibility issues. Whenever I look at your web site nemirostad
    ohne Rezept in Deutschland
    Safari, it looks fine however, when opening in Internet Explorer, it's got some overlapping issues.

    I merely wanted to give you a quick heads up! Besides that, great
    site!

  2. аватар
    Selena 10 апреля 2024 11:50

    No matter if some one searches for his vital thing,
    so he/she desires to be available that in detail, so that thing is maintained over here.



    Look into my blog post: Lettie

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив