Серпін сыйлаған студенттер сайысы

Серпін сыйлаған студенттер сайысы

Студенттік спорт тарихы 1905 жылдан бастау алады. Алайда, Универсиада деген атау алған алғашқы спорт жарысы 1959 жылы Италияның Турин қаласында өтті. Содан бергі кезеңде Универсиада әлемдегі ең айшықты халықаралық бұқаралық спорт және мәдени оқиғалардың біріне айналды. Универсиаданың мақсаты – спортты білім беру жүйесінің маңызды элементтерінің бірі ретінде ілгерілету.

Универсиаданың негізгі міндеттері: үздік студенттік ұжымдарды, спорттық клубтарды анықтау; студенттер арасында спорт түрлері бойынша Дүниежүзілік қысқы Универсиадаға, сондай-ақ Әлем чемпионатына қатысу үшін студенттер құрама командаларына резерв дайындау; жоғары оқу орындарында дене шынықтырумен және спортпен айналысу үшін жағдай жасау, материалдық базаны дамыту; студент жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және дене шынықтыру мен спортқа белсенділіктерін арттыру болып табылады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығында, күллі түркі жұртының мақтанышы, атанған ғалым-философ Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын мемлекеттік деңгейде атап өтуі жарияланған. Осыған орай, жақында VIII қысқы Қазақстан Универсиадасы өтті. Бұл дода бүкіл Қазақстандық ЖОО үшін айтулы оқиға болды. ҚР БҒМ «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» ұйымдастыруымен өткізілген Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған VIIІ қысқы Қазақстан Универсиадасының бағдарламасы бойынша қысқы президенттік көпсайыс, керлинг, қысқы спорттық бағдарлау, биатлон және шаңғы жарыстары Өскемен, Алматы және Риддер қалаларында өтті. Аталмыш додаға 26 ЖОО-нан бес жүзге жуық спортшы қатысты. 20 ақпаннан бастау алған жарыс наурыздың 15 жұлдызында өз мәресіне жетті. Спорттың 5 түрінен 10 жарыс өткізіліп, 216 жиынтық медаль және 36 кубок сарапқа салынды. Айта кетейік, жоғарыда аталған үш қаланың әрқайсысында түрлі спорт түрлерін жарыстар болды. Дүбірлі доданың алғашқы сайысы Өскемен қаласынан бастау алды.

Қыс мезгілінде Шығыс Қазақстан облысы әрдайым қалың қардың үстінде жатады. Табиғаттың қолайлығына байланысты Универсиада бәсекесінің алғашқы жарыстары осы өңірде өткені орынды. 20 ақпаннан бастап 24 ақпанға дейін созылған қысқы президенттік көпсайыс жарысына 12 ЖОО командалары қатысты. Сайысқа түскен спортшылар үздіктің үздігі атағына ие болуды көкседі.

Иә, жарыс қызыққа толы болды. Алайда келген қонақтарға жол бермей өз мықтылықтарын дәлелдеген Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің қыздар құрамасы алғашқы алтынды қоржындарына салды. Ал, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ студенттері 2 орынды қанағат тұтса, Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ қыздар құрамасы үздік үштіктің қатарына кіріп, қола медальді қанжығаларына байлады.

Ерлер арасындағы бәсекеде жағдай мүлдем басқаша болды. Қыздары бірінші орын алған С.Аманжолов атындағы ШҚМУ құрамасы үшінші орынға табан тіреді. Екінші орынды Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ ерлер құрамасы иемденсе, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ жарыс жеңімпазы атанды.

Өскеменді артқа қалдырып, жоспарға сәйкес керлинг додасы Алматы қаласында өтті. Түрлі спорттық жарыстарды басынан өткерген Алматы қаласын ел Универсиадасы айналып өтпеді. Алматыда 26 ақпан – 7 наурызда «Алматы арена» мұз айдынында өткен керлинг жарысына 10 команда қатысты. Он күнге созылған он команданың жарысында жалпыкомандалық есепте 1-орынды Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, 2-орын Қазақ спорт және туризм академиясы және 3-орынды М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті алды. Ұлдар арасындағы жарыста Қазақ спорт және туризм академиясы алтыннан алқа тағып, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті күміс медальға ие болса, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті үздік үштіктің қатарына енді. Қыздар арасындағы бәсекеде Қазақ спорт және туризм академиясының құрамасы тағы да өз мықтылықтарын дәлелдеп жеңіс тұғырынан көрінді. М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті 2 орынға ие болса, 3 орынды Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті алды. Сонымен қатар, бұл доданың өзге жарыстардан өзгешелігі жалпыкомандалық, ұлдар және қыздар арасындағы бәсекеден бөлек аралас жұптар мен аралас командалар арасында сайыс өткізілді. Аралас жұптар арасындағы бәсекеде бірінші орынды Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті иемденді. Екінші орынға Шет тілдер және іскерлік карьера университеті жайғасса, үздіктер қатарында жүрген С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті қола медальді қанағат тұтты. Ал, аралас командалар арасындағы жарыста 1-орын Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті, 2-орын Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті және 3-орын Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті.

Ал, Риддерде жарыстармен қатар VIII қысқы Қазақстан Универсиадасының салтанатты ашылу мен жабылу рәсімдері өтті. Салтанатты ашылу рәсіміне Риддер қаласы әкімінің орынбасары Дүйсембаев Данияр Бекқазыұлы, Қазақстан Ұлттық студенттік спорт одағының президенті Закирьянов Қайрат Қайроллаұлы және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» бас директорының орынбасары Садықов Сағдат Кәбірұлы қатысты.

4 наурызда басталған қысқы спорттық бағдарлау жарысы 9 наурызда өз мәресіне жетті. Он төрт команда арасында өткен додада командалық есепте қыздар арасында алтын медальді – С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері алса, 2-орынды – Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-технологиялық университетінің саңлақтары иеленді, 3-орынды – Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің жастары алды. Сондай-ақ командалық есепте ерлер арасында: 1-орын – Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті; 2-орын – Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті; 3-орын – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті.

Биатлон жарысында қызықты жәйт – ол командалық есепте қыздар және ұлдар арасында 1-орынды Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті алды. Күміс медаль Қазақстан-Американдық еркін университетіне бұйырса, қола медальді Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті жеңіп алды.

Шаңғы жарысындағы 11 команда арасында өткен бәсекеде Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің қыздары бірінші орынды алса, ұлдары екінші орынға ие болды. С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің арулары 2-орында болса, 3-орын Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің қыздарына бұйырды. Ерлер арасындағы додада 1-орын Қазақ спорт және туризм академиясы, ал 3-орын Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің толағайлары иеленді.

VIIІ қысқы Қазақстан Универсиадасы бағдарламасына сәйкес 5 спорт түрінен үздік нәтиже көрсетіп, жалпыкомандалық есепте

1-орын – С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

2-орын – Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті

3-орын – Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

4-орын – Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

5-орын – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

6-орын – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

ҰҒПДТО бас директоры Садық Мұстафаев ШҚО әкімдігі мен ЖОО ректорларына өз алғысын білдірді.

– Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған VIIІ қысқы Қазақстан Универсиадасының өтуіне атсалысқан Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің ректоры Жасұлан Құдайбергенұлына, Шығыс Қазақстан облысы мен Риддер қаласы әкімдігіне және ЖОО ректорларына, «Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» директоры Кнауб Владимир Владимировичке, ұйымдастыру комитеті мен жаттықтырушыларға алғыс білдіремін! Алдағы уақытта облыстар мен қала әкімдіктерін жасөспірімдерді спортқа, салауатты өмір салты мен дене тәрбиесіне ынталандыруға бағытталған іс-шараларға өскелең ұрпақтың белсенді қатысуына қолдау көрсетуге шақырамын! – деді Садық Шоңмұрынұлы.

Айта кетейік, Люцернде (Швейцария) өтетін XXX қысқы Универсиада ойындарында ел намысын қорғайтын спортшыларымыз Қазақстан универсиадасына қатысушылар арасынан осылайша іріктелініп алынды.

ҚР БҒМ «ҰҒПДТО» білім алушылардың Гимназиада мен Универсиадаға қатысуына қызығушылығын арттыру үшін ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп, білім басқармаларының бағдарламасындағы іс-шараларда жеңімпаз болған оқушылар мен студенттерге халықаралық дәрежедегі спорт шебері, спорт шебері және спорт шеберіне үміткер атағын беру үшін ҚР Әділет Министрлігіне тіркеуге «Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру қағидаларына» өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жұмыстар жүргізуде.

Жалпы командалық есепте 1-6 орын алған ЖОО командалары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кубоктарымен, естелік медальдарымен, дипломдарымен марапатталды.

УНИВЕРСИАДА ҮЗДІКТЕРІ:

  1. Люфт Иван (Қазақ спорт және туризм академиясы)
  2. Жучок Анатолий (Қазақ спорт және туризм академиясы)
  3. Люфт Мария (Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті)
  4. Шалыгина Ксения (Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті)
  5. Вахитов Елжан (Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті)
  6. Лукошевик Виталий (Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті)
  7. Огнева Анастасия (С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті)
  8. Ибраева Камила (Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті)
  9. Викторенко Данила (М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті)
  10. Макушенко Вячеслав (Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті)
  11. Переверзева Лариса (С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті)
  12. Шнайдер Адия (Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті)
  13. Киреев Владислав (Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті)
  14. Красикова Евгения (Қазақ спорт және туризм академиясы)
  15. Ахатова Людмила (Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті)

 

Мәди МҰХАМЕДҚАЛИ

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив