Аурудың алдын-алу – денсаулықтың кепілі!
Міне, 30 жылдан астам уақыт адамзат қазіргі заманның басты жахандық мәселелерінің бірі «АИТВ инфекциясының таралуын қалай тоқтатуға болады?» деген сұрағына жауап іздеуде. Әрине, медициналық қызметкерлер, өз тарапынан бұл сұрақтың шешімін жеткілікті тапқандай, яғни АИТВ жұқтырған адамды қоғамға анағұрлым қауіпсіз ету үшін ретровирусқа қарсы терапияны колдану, вирустың организмде барын анықтау үшін халықтың мүмкіндігінше көп пайызын тексеру.
Дүние жүзінде осы күнге дейін 32 миллионнан астам адам АИТВ-ын (адамның иммун тапшылығы вирусы) жұқтырып, 20 миллионнан аса адам көз жұмған. Ал, Қазақстанда 24 мыңға жуық адам АИТВ инфекциясын жұқтырған. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша соңғы 24 жыл ішінде АИТВ жұқпасымен 1824 науқас ресми тізімге алынған, оның 58-і қайтыс болған және 7%-ы 117 жағдай ЖИТС сатысына ауысқан. Қаладағы АИТВ инфекциясын жұқтырғандардың 70%-ын 20-39 жас аралығындағы жастар құрайды.
Соңғы жылдары АИТВ-инфекциясы айрықша есірткі тұтынушылардың ауруы болуын тоқтатты, оны жиі өркендеген адамдардан анықтайтын болды.
Вирус көбіне жыныстық қатынас арқылы және парентералды, инъекциялық есірткі арқылы жұғады. Дегенмен қазір парентералдық жол арқылы жұқтыруға қарағанда жыныстық жолмен жұқтыру 3 есе артты.
Инфекцияны қоғам жағынан дұрыс түсіну қажет! ЖИТС орталығының мамандарымен бұл мәселенің шешілуі үшін барлық жағдайы жасалып жатыр: халықты вирустың барына тексеріп, вирус анықталған жағдайда диспансерлік бақылауға алынып, ретровирусқа қарсы терапия тағайындалады, пациенттерге айналаңыздағы адамдардың өміріне және денсаулығына қауіп төндірмес үшін қоғамда өзін қалай дұрыс ұстау керек екендігі хабардар етіледі.
АИТВ-ның таралуы әлеуметтік мәселе болғандықтан, халықты АИТВ-ның алдын алу әдістері туралы ақпараттандыру маңызды рөль атқарады. Дәл осы мақсатпен, әр адамды ескерту үшін әртүрлі профилактикалық шаралар жүргізіледі: тренингтер, семинарлар, жаппай акциялар, БАҚ арқылы ақпараттық науқандар, интернет арқылы - ЖИТС орталығының жеке сайты және әлеуметтік желілерде парақшалар ашылды.
Сонымен, бәрімізге есте сақтау қажет:
- жыныстық қатынас –қорғалған;
- медициналық құралдар – залалсыздандырылған;
- достармен бас қосу – есірткісіз болуы керек.
Әрине, тәуекелдік тәжирибені ұстанған адамдарды қорғау, үйреншікті өмір салтын немесе жүріс-тұрысын өзгерту өте қиын. Бірақ жағдай үмітсіз емес – оны өзгертуге болады және өзгерту керек! Және де алдымен өзімізден бастау керек. Сізден басқа ешкім, өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығына қамқорлық жасамайды, тек СІЗ өзіңіздің және балаларыңыздың өміріне жауаптысыз!
Бастысы – өзіңізді және басқаларды құрметтеу, болашақ - сізге байланысты екенін ұмытпаңыз.
Нұр-Сұлтан қ. ЖИТС орталығының дәрігер-эпидемиологы
Бекетова Ж.К.
[xfvalue_img]
7 пікір