Қазатомөнеркәсіп «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодексіне енгізілген өзгерістер туралы хабарлайды

Қазатомөнеркәсіп «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодексіне енгізілген өзгерістер туралы хабарлайды

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ (бұдан әрі – Қазатомөнеркәсіп) 2025 жылғы 26 желтоқсанда Мемлекет басшысы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне көмірсутектер мен уран саласындағы жер қойнауын пайдалануды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына (бұдан әрі – Заң) қол қойғанын хабарлайды.

Қазатомөнеркәсіп уран саласына қатысты, уран саласындағы ұлттық компания ретіндегі Қазатомөнеркәсіптің (бұдан әрі – Ұлттық компания) қызметіне әсер ететін негізгі өзгерістерді атап өтеді.

Перспективалы аумақтарда уран барлау

Заңға сәйкес, Ұлттық компанияға перспективалы аумақтарды барлауға лицензиялар алуда басым құқық, сондай-ақ уранды минералдану және (немесе) уран кен орындары бар учаскелерді резервке алу мүмкіндігі беріледі.

Өзге жер қойнауын пайдаланушыларға тиесілі қатты пайдалы қазбалар учаскелерінде уранды минералдану және (немесе) уран кен орындары анықталған жағдайда, мұндай учаскелер бойынша лицензиялардың қолданылу мерзімін ұзарту тек жер қойнауын пайдаланушылардың тиісті блоктардан мемлекет пайдасына бас тартуы шартымен ғана мүмкін болады. Сондай-ақ, қатты пайдалы қазбаларды барлау барысында жер қойнауын пайдаланушылар уран кен орнын анықтаған жағдайда, оларда уран өндіруге басым (артықшылықты) құқық туындамайды.

Уран өндіруге арналған жаңа келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдалану құқықтары

Ұлттық компания уран өндіруге арналған жаңа келісімшарт алған жағдайда, мұндай келісімшартты кейіннен беру тек Ұлттық компанияның тікелей немесе жанама қатысу үлесі кемінде 75% асатын заңды тұлғаның пайдасына ғана мүмкін болады. Бұрын қолданыста болған Кодекс редакциясы Ұлттық компанияның қатысу үлесі кемінде 50% асатын заңды тұлғаларға жаңа келісімшарттарды беру мүмкіндігін көздеген. Жаңа талаптар тек уран өндіруге арналған жаңа келісімшарттарға ғана қолданылады және қолданыстағы келісімшарттарға әсер етпейді.

Қолданылу мерзімін ұзарту не өндіру келісімшарттарындағы өндіру / қорлар көлемін ұлғайту

Уран өндіруге арналған келісімшарттардың қолданылу мерзімін ұзарту, сондай-ақ келісімшарттық міндеттемелерде көзделген көлемнен тыс уран өндіруді және (немесе) уран қорларын ұлғайтуды жүзеге асыру жер қойнауын пайдалану келісімшарттарында мынадай шарттардың бірін бекіту кезінде ғана жол беріледі: уран өндіру жөніндегі бірлескен кәсіпорында (бұдан әрі – БК) Ұлттық компанияның тікелей немесе жанама қатысу үлесі кемінде 90% болуы; не болмаса БК-ның шетелдік қатысушысы (акционері) Заңда айқындалған шарттарда, оның ішінде зауыт салуды және жер қойнауын пайдалану келісімшартының ұзартылған бүкіл кезеңі бойына өнімнің кемінде 50%-ына кепілдендірілген өткізу нарығын қамтамасыз етуді қоса алғанда, уранды конверсиялау және байыту технологияларын Ұлттық компанияға немесе онымен бірлесіп құрылған заңды тұлғаға беруі.

Қосымша реттеуші ережелер

Заңда көзделген өзгерістер уран өндіруге арналған келісімшарттарды мерзімінен бұрын тоқтату негіздерін де нақтылайды. Атап айтқанда, мұндай негіздерге 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қолданыстағы жер қойнауын пайдалану келісімшарттарында бекітілген уран қорларының толық игерілуі, сондай-ақ Ұлттық компанияның қатысу үлесін арттыру немесе уранды конверсиялау және байыту технологияларын беру жөніндегі міндеттемелердің орындалмауы жатады.

Сонымен қатар, уран өндіру учаскелерінде қосымша барлау жүргізу құқығы тек Ұлттық компанияға немесе Ұлттық компанияның қатысу үлесі кемінде 90% болатын ұйымдарға ғана беріледі. Егер 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қосымша барлау өзге жер қойнауын пайдаланушы тарапынан жүргізіліп, уран қорларының ұлғаюына алып келсе, мұндай қосымша қорларға құқық ол жер қойнауын пайдаланушыда туындамайды. Бұл ретте Ұлттық компания тәуелсіз аудиторлық компания растаған жағдайда, уранды қосымша барлауға жұмсалған нақты және құжатпен расталған шығындарды өтеуге міндетті.

Қазатомөнеркәсіп енгізіліп отырған өзгерістер қолданыстағы жер қойнауын пайдалану келісімшарттары шеңберінде бекітілген көрсеткіштер аясында әрекет етіп жатқан қолданыстағы бірлескен кәсіпорындардағы қатысу үлестерін қайта қарауға әкеп соқпайтынын атап өтеді.

Қазатомөнеркәсіп барлық мүдделі тараптар үшін ұзақ мерзімді құндылық қалыптастыруға деген ұстанымын сақтай отырып, атом саласындағы әлемдік көшбасшы ретіндегі позициясын нығайта береді, жаһандық таза энергияға көшуге үлес қоса отырып, ресурстық базаны тиімді пайдалану мен толықтыруға бағытталған қызметін жалғастырады.

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп 2024 жылы уранның жалпы әлемдік бастапқы өндірісінің шамамен 21% мөлшерінде Компанияның қатысу үлесіне пропорционалды табиғи уран өндіретін әлемдегі ең ірі уран өндіруші болып табылады. Топ саладағы уранның ең үлкен резервтік базасына ие. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 27 кен орнын игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және уран өндіру кезінде денсаулықты, өнеркәсіптік қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғауды бақылаудың озық тәжірибелері мен құралдарына ерекше назар аудара отырып, жерасты ұңғымалық шаймалау технологиясын қолданады.

Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында және Astana International Exchange биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы болып табылады. Топтың негізгі клиенттері-Атом генераторларының операторлары, ал өнімдердің негізгі экспорттық нарықтары – Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран мен уран өнімдерін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, спот нарығында тікелей Астана қаласындағы корпоративтік орталығынан, сондай-ақ Швейцариядағы еншілес сауда компаниясы, Trade House KazakAtom (ТHK) арқылы сатады.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.