ҰАҒБО Басқарма төрағасы Т.Рақымбеков көктемгі дала жұмыстары кезінде ғалымдардың фермерлерге арналған онлайн кеңестері қалай өтіп жатқандығы туралы айтып берді.

ҰАҒБО Басқарма төрағасы Т.Рақымбеков көктемгі дала жұмыстары кезінде ғалымдардың фермерлерге арналған онлайн кеңестері қалай өтіп жатқандығы туралы айтып берді.

 

Бұл жөнінде ҰАҒБО Басқарма төрағасы Т.Рақымбеков 2020 жылдың 24 сәуірінде ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен көктемгі дала жұмыстары жөніндегі онлайн баспасөз конференциясы барысында айтты.

Баспасөз іс-шарасына Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров, Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының Басқарма төрағасы Төлеутай Рақымбеков, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы Бағлан Құлтаев, «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Қарауылов қатысты.

Биыл елімізде көктемгі дала жұмыстары басталғалы бері ауыл шаруашылығы саласының ғалымдары Қазақстанның барлық аймақтарындағы фермерлер үшін онлайн кеңес ұйымдастыруда. 30 наурыз күні ҰАҒБО Басқарма Төрағасы Т.Рақымбеков Instagram және Facebook (@naseckz) парақшаларында тікелей эфирде өтетін кеңестердің алғашқысын өткізді. Жалпы, ҰАҒБО ғалымдары 2020 жылдың 15 сәуірі мен 15 маусымы аралығында ауылшаруашылығы тауарын өндірушілерді қызықтыратын тақырыптар бойынша шамамен 229 кеңес өткізуді жоспарлап отыр.

«ҰАҒБО-ның аграрлық ғалымдары қазіргі қиын уақытта да ел игілігі үшін еңбек етуді жалғастыруда. Біз аптасына үш рет Қазақстанның барлық аймақтарындағы фермерлер үшін онлайн кеңес өткіземіз. Фермерлерден көптеген сұрақтар түседі, ғалымдар оларға жауап беріп, сонымен қатар егіс науқанын дұрыс өткізу үшін ұсыныстарымен бөліседі. Ғалымдарымыз оқу семинарлары мен кеңестер өткізіп, онлайн режимінде жұмыс істеуді жалғастыруда. Қазір көктемгі дала жұмыстары қызу жүріп жатыр, өз кезегінде аграрлық ғалымдар фермерлер үшін 10 онлайн-кеңес өткізді. Бұл ақпараттық қолдау 47 184 адамды қамтып, кеңес бейнежазбаларын 6 740 оқырман тамашалаған», - деді Т.Рақымбеков.

Сонымен қатар, брифинг барысында көктемгі дала жұмыстарының уақытылы жүргізілуінің маңыздылығы атап өтілді. Т.Рақымбеков ҰАҒБО-ға еншілес ұйымдарының барлық бағыттардағы көктемгі дала жұмыстарына дайындығы 100% екендігін атап өтті.

 

Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының баспасөз қызметі

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив