ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДАҒЫ КӨКТЕМГІ ЕГІС ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ЖАЙЫ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДАҒЫ КӨКТЕМГІ ЕГІС ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ЖАЙЫ

 Жамбыл облысының көктемгі егіс жұмыстарына дайындығы және шаруалардың техникамен, жанар жағармаймен қамтылу барысы жайлы,-ҚР АШМ Баспасөз қызметі хабарлайды.⠀

Биыл Жамбыл өңірінде ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыруға сәйкес егіс көлемін 710,0 мың гектарға орналастыру жоспарлануда. Оның ішінде дәнді және дәнді бұршақты дақылдар 367,0 мың гектар, майлы дақылдар 64,2 мың гектар, қант қызылшасы 5,5 мың гектар, картоп 10,5 мың гектар, көкөніс-бақша дақылдары 51,5 мың гектар және, мал азығы дақылдары 211,3 мың гектарды құрайды.

Бұл өткен жылмен салыстырғанда  22,9 мың гектарға немесе 3,3 пайызға жоғары.⠀

Жамбыл облысында өсімдік шаруашылығын әртараптандыру мақсатында дәнді дақылдар, майлы дақылдар, қант қызылшасын, көкөніс-бақша, картоп және мал азықтық дақылдарының көлемін арттыру көзделуде.⠀

Аймақта көктемгі егіс-дала науқанына ауыл шаруашылығы техникалары, оның ішіне тракторлар - 100 %, соқалар  100 %, қопсытқыштар 100 %, дән сепкіштер 100 %, тұқым дәрілегіштер 100 %-ға дайын.⠀

Көктемгі дала жұмыстарына ҚР Үкіметі тарапынан облысқа 18,3 мың тонна кепілдендірілген дизель отыны бөлінген, бүгінде өңірге дизель отынын жеткізу жұмыстары жүргізілуде. Наурыз айына бөлінген 3500 тонна дизель отынының 3305 тоннасына қаражат аударып (94,4%), оның 2935 (84%) тоннасы жеткізіліп, 1747 тоннасы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерге таратылды.⠀

2020 жылы Жамбыл облысында 5,5 мың гектарға қант қызылшасын егу жоспарланған. Қазіргі таңда 941,5 гектар алқапқа қант қызылшасы дақылы себіліп, жоспар 17,2 %-ға орындалып отыр.⠀

Ағымдағы жылы егілетін ауыл шаруашылығы дақылдарына себу нормаларына сәйкес 84300 тонна тұқым қажет болса, оның бүгінгі күнге 91700 тоннасы дайындалып, орындалуы 108,8% құрап отыр.⠀

Егіс алқаптарын арзандатылған минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету бағдарламасы аясында жергілікті бюджеттен 1,3 млрд. теңге қарастырылып 25,7 мың тонна субсидияланған минералды тыңайтқыштарды ауыл шаруашылығы 177,5 мың гектраға ендіру жоспарланған.⠀

Көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру мақсатында 800,0 млн теңге бөлініп, облыстық «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ы арқылы 39 ауыл шаруашылығы құрылымдарынан 249,92 млн. теңгеге өтінім түсіп, оның  244,42 млн теңгені құрайтын 37 шаруашылықтың өтінімдері мақұлданып, 25 шаруашылық субъектісіне  170,42 млн теңге қаражат беріліп отыр.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

5 пікір

  1. аватар
    Courtney 13 октября 2023 16:53

    Hello there! This blog post couldn't be written much
    better! Looking at this post reminds me of my previous roommate!
    He constantly kept talking about this. I will
    forward this article to him. Fairly certain he will have a good
    read. Thanks for sharing!

    Feel free to surf to my web page: ceny yentreve w Gdańsku

  2. аватар
    Natalia 10 апреля 2024 14:08

    Unquestionably believe that which you said. Your favorite reason seemed to be on the web the easiest thing to be aware of.
    I say to you, I certainly get annoyed while people think about worries that they plainly do not know about.
    You managed to hit the nail upon the top and defined out the whole thing without having side effect , people could take
    a signal. Will probably be back to get more. Thanks

    my web page :: Convenient online platform for ordering lenoxin

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив