ҚР АШМ: КӨКТЕМГІ-ЕГІС ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ ҮШІН АДАМДАР МЕН ТЕХНИКАНЫҢ КАРАНТИН КЕЗІНДЕ ҚОЗҒАЛУЫ ШЕШІЛУДЕ

ҚР АШМ: КӨКТЕМГІ-ЕГІС ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ ҮШІН АДАМДАР МЕН ТЕХНИКАНЫҢ КАРАНТИН КЕЗІНДЕ ҚОЗҒАЛУЫ ШЕШІЛУДЕ

 

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу туралы ақпарат берді

Оның айтуынша, 2020 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егіс көлемі 22,5 млн. га құрайды. Атап айтқанда, тиімділігі жоғары майлы, көкөніс және жем-шөп дақылдарын себу 238 мың гектарға ұлғайды.

Қазіргі уақытта егіс науқаны оңтүстік өңірлерде жүргізілуде, осылайша Жамбыл облысында 249,5 мың га немесе жаздық егіс алаңының 67%-ы, Түркістан облысында – 167,5 мың га (25,5%), Алматы облысында – 97,1 мың га (15,6%), Қызылорда облысында - 23,9 мың га (17,6%) алқапта егу жүзеге асырылды.

Қазіргі таңда 2,5 млн.тонна тұқым құйылды, бұл тұқымдық материалға деген толық қажеттілікті қамтамасыз етеді. Бүгінгі күні 1,0 млн. тонна тұқым тексерілді, кондицияға 95% сәйкес келеді, 47 мың тонна немесе 5% кондициялық емес деп танылды.

Облыстардың жергілікті бюджеттерінде тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға 11,3 млрд. теңге қарастырылған, қосымша республикалық бюджет қаражатынан шамамен 29,4 мың тонна тұқым және 838,7 мың дана элиталық көшеттер сатып алуға 2,5 млрд. теңге бөлінді.

2020 жылға облыстардың жергілікті бюджеттерінде 23,3 млрд.теңге қарастырылған, бұл 480 мың тоннаға жуық минералды тыңайтқыштар сатып алуға мүмкіндік береді.

Ағымдағы жылы облыстардың жергілікті бюджеттерінде бұл шамамен 15 млн. литр пестицидті субсидиялауға 31,4 млрд. теңге бөлінді.

Айдарбек Сапаров биыл бірінші рет гербицидтер ғана емес, басқа фунгицидтер мен инсектицидтерде субсидияланатынын атап өтті.

Бірінші вице-министрдің айтуынша, ағымдағы жылдың 7 сәуіріндегі жағдай бойынша көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге ауыл шаруашылығы техникасының дайындығы 98%, жұмыстарды жүргізу басталғанға дейін техниканың дайындығы 100% құрайды деп жоспарлануда.

«Мемлекет басшысы ағымдағы жылдың көктемгі-егіс жұмыстарын уақытында жүргізу бойынша міндет қойды. Оңтайлы агромерзімде сапалы өткізілген көктемгі егіс жұмыстары жақсы өнімнің кепілі болып табылады,
бұл өз кезегінде елдің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер ететіндігі белгілі. Көктемгі егіс жұмыстарын уақытында жүргізу үшін ақпан-маусым айларына 387 мың тонна дизель отыны бөлінді. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында Энергетика министрлігі 1 сәуірден бастап МӨЗ-ден орташа нарықтық баға тоннасы - 174,0 мың теңге болып  бекітілді. Операторлардың орташа шығыдарын ескере отырып, сәуірде АШТӨ үшін республика бойынша бағалар 165 теңге/литр құрайды, ол нарықтық бағадан
13-15% арзан», - дейді Айдарбек Сапаров.

Бүгінде арзандатылған дизель отының 103,4 мың тоннасы тиелді. Арзандатылған отынды ашық бөлу бойынша да жұмыстар жүргізілуде. Министрлік пен әкімдік бұл мәселені тұрақты бақылауда ұстауда.

Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдау бойынша іс-шараларды жүргізу үшін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-на республикалық бюджеттен  70 млрд. теңге көлемінде бюджеттік кредит бөлді, бұл әдеттегіден 10 млрд. теңгеге артық. Соңғы қарыз алушылар үшін сыйақы мөлшерлемесі жылдық 5%-дан аспайды.

Қазіргі уақытта АШТӨ-нің 54,4 млрд.теңге сомасына өтінімдері қаржыландырылды, тағы 14,6 млрд. теңгеге өтінімдер жұмыс істеуде.

«Президенттің тапсырмасымен «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге қосымша 100 млрд. теңге бөлінді. Субсидиялауды есепке ала отырып, соңғы сыйақы мөлшерлемесі қарыз алушылар үшін жылдық 6% құрайды. Бұл ұзақ мерзімді ақша, фермерге жыл соңына дейін несиені жабу міндетті емес, олар керісінше өнімге деген қолайлы бағаны күтуге де болады», - деді бірінші вице-министр.

Сонымен қатар, ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі короновирус пандемиясына байланысты елде төтенше жағдай енгізілгеннен бері Министрліктің атына көктемгі-егіс жұмыстарын жүргізуге жұмылдырылған және қажетті адамдардың, техника мен өнімдердің қозғалуына байланысты туындаған мәселелер бойынша көптеген хаттар келіп түсе бастағанын атап өтті.

Бүгінгі таңда бұл мәселе Алматы, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының әкімдіктерімен шешілді, басқа да облыстарда шешу сатысында.

«Жалпы дайындық жоспарлы тәртіпте жүргізіледі, КДЖ өткізу бойынша жағдай Мемлекет басшысының жеке бақылауында. Көктемгі дала жұмыстарын жаппай өткізу кезінде барлық бағыттар бойынша дайындық 100% құрайды деп жоспарлануда», - деді А.Сапаров

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив