СІЗДЕН ПАРА СҰРАСА 1424-ке ХАБАРЛАСЫҢЫЗ!

СІЗДЕН ПАРА СҰРАСА 1424-ке ХАБАРЛАСЫҢЫЗ!

 

Азаматтардан келіп түсетін арыз-шағымдар мен ұсыныстарды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департамент қызметкерлері толықтай қарастырып, жүгінген әр азаматтың өтінішіне құлақ асады. Азаматтармен жедел әрі үздіксіз кері байланыс орнату үшін Агенттіктің «1424 Call-орталығы» тәулік бойы жұмыс жасайды. Кез келген азамат сыбайлас жемқорлықпен кездескен немесе мәжбүрлеген жағдайда Call-орталыққа хабарласып, болған оқиғаны айтып, шағымдануға мүмкіндіктері бар. Хабарлаған азамат туралы ақпаратты құпия сақтауға  кепілдік беріледі.

Кәсіпкерлердің құқықтарын бұзу, соның ішінде заңсыз тексерулер, мемлекеттік мекемелердің қызмет көрсеткені үшін заңсыз ақша талап ету фактілері туралы хабарлауға болады. ҚР барлық өңірлері үшін «1424» телефон нөміріне қоңырау шалу тегін. Сондай-ақ осы нөмір бойынша пікірлер мен ұсыныстарды қабылдау және тіркеу жүргізіледі.

Жалпы жемқорлық фактісі бойынша Call-орталық арқылы 76 өтініш қарастырылды. Оның 5-і сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелсе, 2 қылмыстық іс сотқа жіберілді, 2 іс бойынша сот үкімі шықты. Айта кету қажет, хабарласқан екі азамат 70 АЕК көлемінде ақшалай сыйға ие болды.

Қазақстан Республикасының Үкіметі сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған азаматтарды көтермелеудің жаңа жүйесін бекітті.

Енді сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлаған адам соттың айыптау үкімінен кейін пара сомасының 10 пайызын алады. Ең жоғары сыйақы мөлшері 10 млн 600 мың теңгені құрайтын болады. Бұл жаңашылдықтар азаматтарды жемқорлықпен күреске барынша тартуға елеулі ықпал етеді.

Қоғамдық пікірді назарға алу мақсатында департамент басшылығы күн сайын азаматтарды жеке қабылдау өткізеді. Сонымен қатар Faceвook әлеуметтік желісінде азаматтардың өтініш-тілегін қарастырады.

 2019 жылы департамент басшылығы 340 жеке қабылдау өткізді. Азаматтар білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, жол сапасы, темір жол саласына қатысты әртүрлі мәселелермен көмекке жүгінді.  

Сонымен қатар департамент басшысының ықпалымен шағын және орта бизнес саласында әкімшілік кедергілерге тап болған кәсіпкерлердің бұзылған құқықтары қорғалды.

Жоғарыда аталған мәселелер бойынша құқықтары мен бостандықтары бұзылған жағдайда, азаматтарды агенттіктің Call-орталығына хабарласуға шақырамын. Сіздің қоңырауларыңыз бойынша мәселенің шешілуіне және бұзылған құқықтарыңызды қалпына келтіруге бағытталған барлық қажетті шаралар міндетті түрде қарастырылатынын атап өткім келеді.

Азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының барлық аумағында төтенше жағдай енгізілуіне байланысты Нұр-Сұлтан қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаментінің іс-шаралары мен «ANTIKOR ORTALYǴY» ғимаратында ұйымдастырылатын «АDAL KÓMEK» акциясы онлайн режимге көшкенін хабарлаймыз. Акцияда елорда әкімдігінің барлық басқармалары мен аудан әкімдігінің қызметкерлері, адвокаттар және тәжірибелі заңгерлер онлайн режимде құқықтық кеңес беріп, мәселелерін қарастырады.

 

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің 

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Департаментінің қызметкері Асан Бітімбай

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив