1424 Call-орталығы тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда  пәрменділігін көрсетуде

1424 Call-орталығы тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда пәрменділігін көрсетуде

 

Халықтың құқықтық сауаттылығы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда алдын алу шараларының тиімділігін арттыру, жасалған фактілерге уақтылы ден қою мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен 1424 Call-орталығының қызметі тұрақты негізде жетілдірілуде.

Бүгінгі күні Орталық түнгі уақытта және демалыс күндерімен бірге тәулік бойы жұмыс істейді. Орталық қызметкерлері азаматтарға құқықтық мәселелер бойынша кеңес береді, сондай-ақ дайындалып жатқан және жасалатын қылмыстар туралы хабарламаларды өңірлерге дереу жолдайды.

Қабылданған шаралар қылмыстық-құқықтық ортада да өзінің өзектілігі мен қажеттілігін көрсетіп отыр. Көбінесе, азаматтардың өтініштері әлеуметтік салаға қатысты, тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың жолын кесуге мүмкіндік береді.

Тек ағымдағы жылы осындай өтініштер бойынша 56 сотқа дейінгі тергеу басталып, 18-і сотқа жіберілді.

Қылмыстар туралы уақтылы хабарлау, шұғыл шаралар қабылдау олардың жасалуының жолын кесуге және жазаның бұлтартпастығы принципін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Алматы қаласында № 98 жалпы білім беретін мектептің директоры Найзабекова оқушыны ауыстырғаны үшін 50 мың теңге көлемінде пара алғаны әшкереленәп, нәтижесінде ол мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан өмір бойына айыра отырып, 1 млн. 250 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Осы аймақта ағымдағы жылдың 5 қарашасында Алмалы ауданының № 2 аудандық сотының үкімімен қалалық МСҚБ бас маманы Б. Б. Болатаев 400 мың теңге пара алуға оқталғаны үшін кінәлі деп танылды. Шенеунік мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылып, 9 млн.теңге көлемінде айыппұл салынды.

Ағымдағы жылдың 19 желтоқсанында Атырау қаласының № 2 сотының үкімімен қалалық ІІБ Әкімшілік полиция бөлімінің аға инспекторы Д. Қалбаев азаматтан әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін 40 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Полиция қызметкеріне 1 млн. 200 мың теңге көлемінде айыппұл салынып, мемлекеттік қызметте және арнайы қызметте жұмыс атқару құқығынан өмір бойы айырылып, полиция аға лейтенанты арнайы шенінен айырылды.

Түркістан облысындағы бірқатар қылмыстық істер бойынша, атап өтсек, Жетісай ауданының бір орта мектебінің директорына – ағылшын тілі пәнінің мұғалімі жұмысқа орналасқаны үшін азаматтан 100 мың теңге пара алды деген күдікке; Сайрам ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманына көпбалалық бойынша жәрдемақы аударғані үшін пара алуына қатысты тергеулер жалғасуда.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығы азаматтарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жетілдіруге белсенді қатысуға, ұсыныстар мен ұсынымдар енгізуге, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы жедел хабарлауға шақырады. 1424 нөмірі ұялы телефоннан да, стационарлық қалалық телефоннан да қолжетімді, қоңырау шалу тегін.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив