ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИДІҢ 1150 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН VIIІ ҚЫСҚЫ ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИАДАСЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУЫ ӨТТІ

ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИДІҢ 1150 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН VIIІ ҚЫСҚЫ ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИАДАСЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУЫ ӨТТІ

Салтанатты ашылу рәсіміне Риддер қаласы әкімінің орынбасары Дүйсембаев Данияр Бекқазыұлы, Қазақстан Ұлттық студенттік спорт одағының президенті Закирьянов Қайрат Қайроллаұлы және Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық ғылыми практикалық дене тәрбиесі орталығының» бас директорының орынбасары Садықов Сағдат Кәбірұлы қатысты, - деп хабарлайды ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының баспасөз хатшысы
Мемлекет басшысының Жолдауындағы: «Бұқаралық дене шынықтыруды өркендету ісі жаңа чемпиондар шыңына шығатын пирамидаға айналуы тиіс. Бұл салауатты әрі белсенді жастардың, түптеп келгенде, қуатты ұлттың негізін қалыптастырады» делінген тапсырмасын орындау айғағында Универсиада  өзекті шара болады. 
20 ақпан – 15 наурызда  Әбу Насыр әл-Фарабидің    1150 жылдық мерейтойына арналған VIIІ қысқы Қазақстан Универсиадасы өтеді, 26 ЖОО-дан 500-ге жуық студент қатысуда. 
Қазақстан Универсиадасы 5 спорт түрінен (қысқы президенттік көпсайыс 20-24 ақпан Өскемен, керлинг 26 ақпан -7 наурыз Алматы, қысқы спорттық бағдарлау 4-9 наурыз Риддер, биатлон және шаңғы жарысы 9-15 наурыз Риддер) өтуде.
ҚР БҒМ  «ҰҒПДТО» білім алушылардың Гимназиада мен Универсиадаға қатысуына қызығушылығын арттыру үшін ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп, білім басқармаларының бағдарламасындағы іс-шараларда жеңімпаз болған оқушылар мен студенттерге халықаралық дәрежедегі спорт шебері, спорт шебері және спорт шеберіне үміткер атағын беру үшін  ҚР Әділет Министрлігіне тіркеуге  «Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру қағидаларына» өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жұмыстар жүргізуде.
Универсиада нәтижесімен 2021 жылы 21-31 қаңтарда Люцернде  (Швейцария) өтетін  XXX қысқы Универсиада ойындарына Қазақстаннан қатысатын спортшылар белгілі болады.
Естеріңізде болса, 2017 жылы Қазақстан ТМД елдері арасында алғаш рет Универсиаданы өткізген болатын. Қазақстан Универсиадаға 1993 жылдан бері қатысып келе жатыр. Осы жылдары 186 медаль иеленген (106-қысқы, 80-жазғы спорт бойынша).
 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив