Полицейлер бұрынғы жұмыс берушісін тонаған үй қызметшісін ұстады

Полицейлер бұрынғы жұмыс берушісін тонаған үй қызметшісін ұстады

Полицияға қала тұрғыны белгісіз тұлғалардың оның пәтерінен жеке мүлкін ұрлағаны туралы арызданған. Қылмыскерлер сомасы 11 млн. теңгеден астам мүлікті ұрлағаны анықталды. Ұрылар бағалы заттар мен танымал брендті сөмкелерді ұрлаған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері бейнебақылау камералары арқылы ұрлық жасады деген күдікпен 28 жастағы тұлғаны анықтап, ұстады. Ұсталған адамның бұрын бір ай жәбірленушінің  үйінде үй қызметшісі болып жұмыс істегені анықталды және сол уақыт аралығында ол кірер есіктің  кілтінің телнұсқасын жасатып алған. Ұрлық жасау жоспарын бірнеше ай ойластырып жүріп, қылмыс жасауға нақты дайындалған. Бейнебақылау камералары объективіне түсіп қалмау үшін ол бетін күннен қорғалатын көзілдірікпен  және бейсболкамен жапқан.

Күдікті ұрланған заттарды сатуға үлгермеген, полицейлер оны толық тәркіледі және иесіне қайтарды.

Қазіргі уақытта «ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, ұсталған уақытша ұстау изоляторына орналастырылды.  

 

Нұр-Сұлтан қ. ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив