Елордалық полицейлер балалар мекемесінің жанында қалдырылған автомашиналардан бірнеше рет ұрлық жасады деген күдік бойынша  үш ер адамды ұстады

Елордалық полицейлер балалар мекемесінің жанында қалдырылған автомашиналардан бірнеше рет ұрлық жасады деген күдік бойынша үш ер адамды ұстады

Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында балалар балабақшасының жанында автомашиналардан бірнеше рет ұрлық жасаған үш ер адамды ұстады.

Осылайша, елорда тұрғындары автомашинаның салонынан құжаттар мен ақша салынған сөмке ұрланғаны туралы  полицияға арызданды. Күдіктілер ұрлықты әйел адамдар балабақшаға балаларына кеткен кезде шыныны сындыру арқылы жасаған.

Бұрын ұрлық үшін жауапқа тартылған күдіктілер Астана қаласы УҰИ қамауға алынды және сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Жәбірленушілер одан да көп болуы мүмкін. Мүмкін, полицияға арызданбағандар да бар шығар. 

Полиция қызметкерлері аталған тұлғалардың қылмыстық әрекетінен  зардап шеккен азаматтарға Бейбітшілік,19 мекенжайы бойынша Астана қаласы Полиция департаментіне немесе 8 (7172) 71-61-71; 71-62-47; 87021111441 телефондарына немесе «102»-ге  хабарласуды сұраймыз.

 Аталған жағдайларға тап болмас үшін полиция қызметкерлері қарапайым сақтық шараларын сақтауды, яғни қылмыскерлердің назарын аударатын автокөлікте сөмкелерді, құжаттарды, аппаратураны, өзге де бағалы заттарды қалдырмауды ұсынады. Ұрлық жасамақшы болған кезде шыныңызды сындырады немесе құлпыңызды бұзады. Көліктен аз ғана уақытқа шықсаңыз да есігіңізді немесе әйнегіңізді ашық қалдырмаңыз, дабыл орнатыңыз. Егер де автокөлігіңізді қалдырған жағдайда күзетілетін тұрақта немесе бейнебақылау камералары орнатылған аумақта қалдырыңыз.

 

                                                                                 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив