«Сарыарқа» ауданы ІІБ криминалдық полиция қызметкерлері азаматтардың жеке мүлкін ұрлаумен айналысып жүрген ұрыларды ұстады.

«Сарыарқа» ауданы ІІБ криминалдық полиция қызметкерлері азаматтардың жеке мүлкін ұрлаумен айналысып жүрген ұрыларды ұстады.

Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында пәтер ұрлығын жасады деген күдікпен 22 жасар күдіктіні ұстаған. Пәтер ұрлығымен айналысушы пластик терезелерді қысып, майыстыру арқылы тұрғын үйлерге кірген. Оның олжасы ақша, алтын бұйымдар, бағалы теріден тондар   болған. Ұсталған адам бұрын осыған ұқсас қылмысы үшін сотталған. Қазіргі уақытта оның пәтер ұрлығын жасауының  9 фактісі дәлелденген. ҚР ҚК-нің 188 бабы, яғни «ұрлық» бабы бойынша тергеп-тексеру жүргізілуде. Оның қала аумағында жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

      Сонымен қатар, жедел қызметкерлер ойын-сауық мекемесінің  келушісінен «Айфон-7» маркалы ұялы телефонын ұрлаған Ақмола облысының 22 жасар тұрғынын ұстаған.

ҚР ҚК «ұрлық» бабы бойынша тергеп-тексеру жүргізілуде. Заттай дәлелдемелер алынды. Сондай-ақ тергеп-тексеру барысында ұсталған тұлғаның қаланың интернет-клубтарында жасалған басқа да ұрлық фактілеріне қатысы бар екені анықталды. Күдікті келуші ретінде мекемеге кіріп, сәтін  тауып, жеке мүлікті ұрлаған.

Сондай-ақ полиция қызметкерлері сән салондарынан, шаштараздардан келушілердің курткасының қалтасынан ұялы телефондарды ұрлаған 25 жасар жергілікті тұрғынды ұстаған. Барлық фактілер бойынша ҚР ҚК 188 –бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.  

Барлық ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Олардың Астана аумағында жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Астана қаласы ІІД қала тұрғындары мен қонақтарының қырағылық танытуларын сұрайды. Қоғамдық орындарда бола тұра, қолжетімді жерлерде бағалы заттарды қараусыз қалдырмаңыздар.

 

Астана қ. ІІД Баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив