СҚО-да Жаңа жыл қарсаңында полицейлер қызметте қаза тапқан әріптестерінің, ардагерлер мен полицияға көмек көрсеткен азаматтардың отбасыларына барады

СҚО-да Жаңа жыл қарсаңында полицейлер қызметте қаза тапқан әріптестерінің, ардагерлер мен полицияға көмек көрсеткен азаматтардың отбасыларына барады

Жаңа жыл қарсаңында СҚО полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Айдын Қабдұлдинов ішкі істер органдарының ардагеріне, сондай-ақ қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан полиция қызметкерінің отбасына барды.

82 жастағы Юрий Григорьевич Киселев солтүстікқазақстандық полиция жедел уәкілдерінің көптеген буынына жақсы таныс. Отставкадағы милиция полковнигі 1994 жылы Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер басқармасы қылмыстық іздестіру бөлімі бастығының орынбасары лауазымынан зейнетке шыққан, алайда 28 жылдан астам еңбек өтілі бар зейнеткер туған ведомствосымен тығыз байланысын ешқашан жоғалтқан емес. Юрий Киселевті дана, белсенді ардагер ретінде құрметтейді және біледі. Ол Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің барлық маңызды іс-шараларына үнемі қатысып, криминалдық полицияның іс басындағы офицерлеріне даналығын айтып, тәжірибесімен  бөлісіп отырады. Айдын Қабдұлдинов Юрий Григорьевич пен оның жұбайы Галина Павловнаны келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, оларға мықты денсаулық пен ұзақ та белсенді өмір тіледі. 

Сондай-ақ, облыс полициясының басшысы 2006 жылдың 1 қыркүйегінде қызметтік іс-сапардан қайтып келе жатып жол-көлік оқиғасында қаза тапқан полиция майоры Ерік Оспановтың жұбайы Аягөз Оспанованының үйіне барып қайтты. Аягөз Сұңғатолыпқызы қаза тапқан жұбайының есіміне деген құрмет пен назарлары үшін полицейлерге шын жүректен алғыс білдірді. Әйелдердің ұлы Уәлихан Оспанов Қазақстан Республикасы ішкі істер министлігінің Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының түлегі, қазір Петропавл қаласы полиция басқармасының екінші полиция бөлімінде тергеуші қызметін атқаруда.

Сол күні Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының Пресновка ауылында аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Асан Мейрамов қызмет барысында қаза тапқан полиция старшинасы Александр Гордеевтің жұбайының Ольга Гордееваның үйіне бас сұқты. Әйелдің ұлы - Антон Гордеев та полицияда қызмет етеді. Асан Мейрамов Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті басшылығы және жеке құрам атынан отбасын келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, игілік пен молшылық тіледі.

Желтоқсан айының соңғы күндері полиция басшылығы мен жеке құрамының құттықтаулары мен мекенжайларға барулар Солтүстік Қазақстан облысының барлық аудандарында өткізілуде. Ал мереке күндері құқықтық тәртіп сақшылары дәстүрлі түрде қоғамдық тәртіп пен жерлестерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, қызметте өткізеді. 

Юрий Клыков

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив