СҚО полицейлері салтанатты шараға қызмет атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің жақындарын шақырды

СҚО полицейлері салтанатты шараға қызмет атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің жақындарын шақырды

Қазақстандық полиция күні - Ішкі істер органдары қызметкерлерінің кәсібилігі мен батылдығына, Отан мен халыққа қызмет ету дәстүрлеріне деген құрмет. Мерекеге дайындық аясында СҚО ПД және ҚР Ұлттық ұланы ардагерлер кеңесінің өкілдері ІІО зейнеткерлеріне барды, ал 23 маусым күні мерекелік іс-шараға қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің жақындары шақырылды. Олардың құрметіне салынған мемориалға басшылық, жеке құрам және Солтүстік Қазақстан полициясының ардагерлері гүл шоқтарын қойды.

Бұл күні 150-ден астам қызметкер грамоталармен, алғыс хаттармен, медальдармен және төсбелгілермен марапатталды. Облыс әкімінің Құрмет грамотасы экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі Дәурен Едрисовқа табысталды. Ішкі істер министрінің құқықтарымен үш офицерге аға басшы құрамның кезекті арнаулы атақтары берілді.

Алғыс хатпен марапатталғандардың қатарында Ғазиз Есімовтің жақын туысы Болат Есімов бар, оның есімі қаза тапқан қызметкерлерді еске алуға арналған аллеямен аталады. Ол да ІІО ардагері, ал оның ұлы полиция әулетін жалғастыруда және бүгінде аудандық полиция бөлімдерінің бірін басқарады. Қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан қызметкерлердің жарларына  — Аягөз Оспанова, Ольга Гордеева, Татьяна Сергееваға СҚО ПД бастығы полиция полковнигі Айдын Қабдұлдинов бағалы сыйлықтарды табыс етті.

Сондай-ақ, іс-шарада 21 жыл ҚазКСР ішкі істер министрінің орынбасары қызметін атқарған майдангер және көрнекті қайраткер, милиция генерал-майоры Ахмет Тұмарбековтың туғанына 100 жыл толуына орай СҚО ПД мұражайында ашылған жаңа экспозиция туралы бейнеролик көрсетілді. Аты аңызға айналған генерал өз қызметін Петропавлда бастаған.

СҚО ПД бастығы полиция полковнигі Айдын Қабдұлдинов атап өткендей, бүгінгі мереке қазақстандық полицияны жанқиярлықпен құрастырып, оның қатарында еңбек еткендерге, сондай-ақ адал қызметпен халықтың құрметіне ие болған ардагерлерге алғыс білдіру болып табылады. 

СҚО ПД баспасөз қызметі

https://polisia.kz/sqo-politsejleri-qyzmet-babynda-qaza-tapqan-ariptesterin-eske-aldy/

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив