СҚО полиция департаменті бастығының жедел жұмыс жөніндегі орынбасары тағайындалды

СҚО полиция департаменті бастығының жедел жұмыс жөніндегі орынбасары тағайындалды

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының жедел жұмыс жөніндегі орынбасары лауазымына полиция полковнигі Асқар Мұхаметқалиев тағайындалды.

СҚО ПД бастығы полиция полковнигі Айдын Қабдұлдинов оны жеке құрамға таныстырды.

Асқар Мұратұлы Мұхаметқалиев 1983 жылы 2 наурызда Алматы облысында дүниеге келген. Ішкі істер органдарында 2000 жылдан бастап қызмет етуде. Еңбек жолын жедел уәкіл қызметінен бастаған. Әр жылдары әр түрлі, соның ішінде басшылық лауазымдарда қызмет атқарған. Соңғы екі жыл шамасында ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарды.

СҚО ПД бастығының жаңадан тағайындалған орынбасары жедел қызметтердің қызметіне жетекшілік ететін болады: криминалдық полиция басқармасы, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы және т.б.

Бұған дейін СҚО ПД бастығының орынбасары қызметін атқарған полиция полковнигі Руслан Назаров ҚР ІІМ криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары қызметіне ауыстырылды. 

Юрий Клыков

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив