Жедел әрекет етуге 3 минут: Петропавл мектептерінің бірінде кенеттен «дабыл түймесі» іске қосылды

Жедел әрекет етуге 3 минут: Петропавл мектептерінің бірінде кенеттен «дабыл түймесі» іске қосылды

Турникеттер мен бейнекамералар, «дабыл түймелері» және күзетшілер — бүгінгі таңда оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету кешенді шаралар қабылдауды қажет етеді.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің құрамындағы күзет қызметін бақылау бөлімі қызметкерлерінің жеке күзет құрылымдары қызметкерлерімен бірлесіп өткізген оқу-жаттығуының сценарийі бойынша мектеп ішіне мас адам кірген. Бұл оқу-жаттығу сабағы № 21 мектепте өткізілді. Сценарий бойынша мас күйдегі қала тұрғыны білім ошағындағы күзетшілердің кету туралы талабын елемей ішке енбек болған. «Дабыл түймесі» басылғаннан кейін күзет ұйымының жедел әрекет ету тобы оқиға орнына 3 минут ішінде жетті. Арнайы құрылғылармен жарақталған жедел әрекет ету тобы ер адамды ұстады. Бір минуттан соң оқиға орнына полиция жасағы да келді. Оқу-жаттығуға қатысушылардың іс-әрекеттеріне оң баға берілді.

«Бүгінгі таңда Мемлекет басшысы, сондай-ақ Ішкі істер министрлігінің басшылығы білім беру нысандарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлуде, - дейді СҚО ПД Күзет қызметін бақылау бөлімінің бастығы полиция полковнигі Руслан Даньяров. – Бөлім қызметкерлері мүдделі ведомстволармен бірлесіп тиісті жұмыстар жүргізуде. Күзетілетін білім беру объектілерінде түрлі оқиғалар туындаған жағдайда күзет қызметкерлерінің, сондай-ақ полицияның кешенді күштерінің іс-қимылдарын пысықтау бойынша оқу-жаттығу сабақтары үнемі өткізіліп тұрады. Анықталған кемшіліктерге талдау жасалып, оларды жою бойынша шаралар қабылданады. Бүгінгі таңда облыс орталығының барлық мектептері күзет құрылымдарының қызметкерлерімен  қамтамасыз етілген. Балалардың қауіпсіздігі – полиция жұмысындағы басым бағыттардың бірі». 

Игорь Мерцалов

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив