СҚО-да 15 күзет ұйымы полицейлерге пәтер ұрлықтарының алдын алуға көмек көрсетеді

СҚО-да 15 күзет ұйымы полицейлерге пәтер ұрлықтарының алдын алуға көмек көрсетеді

 

Жеке күзет ұйымдары пәтер ұрлықтарының алдын алуға өз үлестерін қосуда. Жуырда Петропавлда кезекті оқу-жаттығу өткізілді. Шартты қылмыскердің рөлінде – күзетшілердің жұмысын бағалайтын полиция қызметкері. Аңыз бойынша Петропавл қаласының шетінде орналасқан жер үйге басып кіреді.  Мобильдік топтың келіп-жету уақыты – 7-10 минут. Жедел ден қою, сауатты ұстау - тапсырма «өте жақсыға» орындалды.

Полицейлер осындай оқу-жаттығу пысықтауларына зор мән береді. Бөтеннің мүлкін ұрлау құрылымында пәтерден ұрлау қылмыстың үштен бірін құрайды. Облыс бойынша 10 айдың ішінде 1736 бөтеннің мүлкін ұрлау тіркелді, оның ішінде пәтер ұрлығы – 562. Пәтер ұрлығының ашылуы- 86,6%.

Полицейлердің айтуынша, үйге кіреберіс есіктердің нығайтылмауы, подъездерде бейнебақылаудың, домофондардың, кодты құлыптардың, сондай-ақ күзет дабылының болмауы - аталған қылмыс түрінің жасалуына ықпал ететін басты жағдайлардың қатарында.

«Пультті күзет – пәтер ұрлықтарының алдын алудағы ең тиімді әдістердің бірі, - дейді СҚО ПД Күзет қызметін бақылау бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Руслан Данияров. - Солтүстік Қазақстан облысында үйлерді орталықтандырылған бақылау пульттері арқылы күзетумен 15 ұйым айналысады. Олардың қызметін петропавлдықтармен қатар Тайынша ауданының Тайынша қ., Айыртау ауданының Саумалкөл а., М. Жұмабаев ауданының Булаев қ., Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның Новоишимское а., Қызылжар ауданының Бескөл а., Мамлют ауданының Мамлютка қ. тұрғындары пайдалана алады.  СҚО-да дабылдармен 1863 пәтер мен үй жабдықталған. Кейбір адамдар пәтерлерін дабыл пультіне жыл бойына емес, тек демалысы кезеңіне, іссапарға шыққан уақытта ғана қосады. СҚО-да жыл басынан күзетке алынған пәтерлердің бірде-біреуінен ұрлық фактісі тіркелмеді».

Үйді пульттік күзетке қосу тәртібі туралы Петропавл қ. СҚО ПД КҚББ 61-26-23, 61-26-36, 61-26-71 нөмірлері арқылы кеңес алуға болады.  

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив