Маңғыстауда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет білім беру ұйымдарының қызметінде 13 сыбайлас жемқорлық тәуекелін анықтады

Маңғыстауда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет білім беру ұйымдарының қызметінде 13 сыбайлас жемқорлық тәуекелін анықтады

Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті сыртқы талдау жұмыстары нәтижесінде білім беру ұйымдарының қызметінде 13 сыбайлас жемқорлық тәуекелін анықтап, оларды жою бойынша ұсыным енгізді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының орынбасары Біржан Хайруллин педагогтар бас қосқан тамыз конференциясында айтты. 

«Білім ордаларында бюджет қаражатын жымқырудың бірнеше жолдары анықталды. Білім беру ұйымдары қаржыландыру жоспарын асыра бағалайды және білім бөлімдері бұл өтініштерді жинақтау кезінде тағы да асыра бағалауға жол береді. Осының салдарынан, педагогтарға негізсіз ақша қаражаттарын аудару, негізсіз сыйақы беру, жұмыс істемейтін қызметкерге жалақы төлеу сияқты жолдармен қаражат жымқырылады. Сондай-ақ, бухгалтерлер мұғалімдердің біліктілік санаты мен еңбек өтілін қолдан өзгерту арқылы да негізсіз материалдық төлемдер жүргізген,» деді Біржан Хайруллин.               

Алдағы уақытта бюджет қаражатын жоспарлау және игеру процестеріндегі аталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жұмыстары білім саласындағы жол картасы шеңберінде жүзеге асырылатын болады. Жол картасындағы іс-шараларды жергілікті атқарушы органдар жүргізеді.      

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив