Маңғыстау Антикор білім саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуді бастады
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Маңғыстау облысы бойынша департаменті білім саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауды жүргізуде.
Талдауда білім саласындағы барлық мекемелердің қаржыландыру, бюджет қаражатын бөлу және игеру мәселелеріндегі тәуекелдерді анықтау көзделеді.
Осыған орай, аталған мәселеге қатысты мәліметтеріңіз бен ұсыныс-пікірлеріңізді mangistau.antikor@gmail.com поштасына жолдауға немесе Департаменттің Превенция басқармасының басшысы Қайрат Байгебаевтың 8 778 985 51 68 нөмеріне хабарласуға («WhatsApp» желісі бар) болады.
Құқықбұзушылықтар мен тәуекелдерді анықтауға өз үлесіңізді қосуға шақырамыз.
[xfvalue_img]
37 пікір