Петропавл полицейлері қозғалыс кезінде арнайы көліктерге жол бермеу фактілерін анықтау бойынша кенеттен рейдтер жүргізуде

Петропавл полицейлері қозғалыс кезінде арнайы көліктерге жол бермеу фактілерін анықтау бойынша кенеттен рейдтер жүргізуде

Көшелерде жарқылдауық маяктары қосылған арнайы автокөліктерге басымдық беру – жол қозғалысының барлық қатысушыларының міндеті. Жедел жәрдем, өрт сөндіру көліктерінің еш кедергісіз әр қоңырауға уақтылы жетуі адам өмірін аман алып қалып, шұғыл көмекке мұқтаж адамның денсаулығын тексеруге көмектеседі.

Қозғалыс қатысушыларының тәртібін арттыру үшін Петропавл полицейлері медицина қызметкерлерімен бірлесіп, жедел жәрдем көлігіне жол бермейтін жүргізушілерді анықтау бойынша үнемі рейдтер жүргізіп тұрады. Түскі уақытта облыс орталығының көлік қозғалысы көп көшелерінде бір жарым сағаттай сиренасы мен жарқылдауық маяктары қосылған жедел жәрдем көлігі жұмыс істейді.

«Тоғыз күн ішінде бұзушылықтар анықталмады, - дейді Петропавл қ. ПБ патрульдік полиция батальоны командирінің міндетін атқарушы полиция подполковнигі Арман Әйтеев. – Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер арнайы көліктерге жол беруде. Өткен жылдары өткен рейдтік іс-шараларда бірқатар жүргізушілер анықтадық. Осындай кенеттен болатын тексерулер алдағы уақытта да жалғасады».

Тәртіп сақшылары ескерткендей, ҚР Жол жүрісі қағидаларының 6-тарауына сәйкес, қозғалыстың басқа қатысушыларының алдында басымдық алуы үшін жарқылдауық маяк пен арнаулы дыбыстық сигналы қосылған жедел және арнаулы қызметтердің көлік құралдарының жүргізушілері кезек күттірмейтін қызметтік тапсырманы орындауға бара жатқанда басымдыққа ие. Осындай көлік құралдарына жол бермей, талапты елемеген автокөліктердің жүргізушілері 7 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді.

Өткен жылы Петропавлда арнаулы көліктердің қатысуымен – 3, биыл 1 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Полицейлер қозғалыстың барлық қатысушыларынан жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауды сұрайды. 

Игорь Мерцалов

СҚО ПД баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

2 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив