Жамбыл облысында

Жамбыл облысында "Қауіпсіз жол"жедел- алдын алу іс-шарасы қорытындыланды

 

Жамбылдық полицейлер  ағымдағы жылдың 27 қыркүйегі мен 10 қазаны аралығында өткізілген "Қауіпсіз жол" жедел-алдын алу іс-шарасының қорытындысын шығарды.

"Апаттылықты азайтуға және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, жол қозғалысына қатысушылар арасында жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы талаптардың сақталуына бақылау жүргізуге, тиісті қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге, құқыққа қарсы іс-әрекеттердің уақтылы алдын алуға және жолын кесуге ерекше назар аударылды.Сонымен қатар, патрульдік полиция батальондарының қызметкерлері мас күйінде көлік құралын басқару, автокөлікті пайдалану ережелерінің бұзылу деректерінің жолын кесті, автомобильді басқару кезінде телефонды пайдаланған жеті жүзден астам жүргізушіні анықтады", - деп хабарлады Жамбыл облысының ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Серік Алдибеков.

Жедел- алдын алу іс-шараларын жүргізу кезеңінде полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзудың 7897 дерегін тіркеді. Нәтижесінде ең өрескел бұзушылықтар  келесідей болды:

- көлік құралын мас күйінде басқару-34;

- қарсы қозғалыс жолағына шығу-9;

- апатты жағдай жасау-76;

- КҚ басқару кезінде телефонды пайдалану-702;

– қауіпсіздік белдігі бекітілмеген-1013;

- қауіпті маневр жасау – 580;

- жаяу жүргіншілердің немесе жол қозғалысының өзге де қатысушыларының жүруіне басымдық бермеу-1094;

- құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқаруы – 301;

– жаяу жүргіншілер арасында анықталған  бұзушылықтар -1094.

Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін барлығы 224 көлік құралы айыппұл тұрағына  қойылды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

7 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив