СҚО полицейлері есірткіге қарсы концерт ұйымдастырды

СҚО полицейлері есірткіге қарсы концерт ұйымдастырды

СҚО полицейлері Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күнін ашық аспан астындағы ерекше концертпен қарсы алды. Бұлтты күнге қарамастан арнайы шақырылған әртістер мен спортшылар Петропавл тұрғындары мен қонақтарына сергектік пен позитивті көңіл күй сыйлады.

Көрермендер үшін әсерлі әндер мен билер, спорт мектебінен келген жас каратэшілердің өнері көрсетілді, олар кекушинкай-кан каратэ бойынша шеберлік сабағын өткізді, танымал диджей Ханның орындауындағы заманауи эстрада әуендері паш етілді.

Көрермендерді жекпе-жек өнерімен жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері таң қалдырды. Есірткі іздеуге үйретілген спаниель Грета концерттің «жұлдызы» болды. Кинолог-инспектор Александр Борисенко көрермендер арасынан еріктіге құрамында есірткі бар имитатор салынған пакетті жасыруды сұрады. Көрермендердің көз алдында Грета сынақтан сүрінбей, имитаторды тауып алды.

Сондай-ақ концертте СҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Руслан Назаров өскелең ұрпақтың бойында есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыруға үлес қосқан белсенділерді марапаттады.

«Концерттік бағдарламадағы әрбір қатысушының орындаған өнері арқылы есірткісіз өмірді таңдаған кез келген адам үшін зор мүмкіндіктер бар екенін көрсетпек болдық, - дейді Руслан Назаров. — Бұл Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні шеңберіндегі айлықтың соңғы іс-шарасы. Барлығы 45 профилактикалық іс-шара өткізілді. Салауатты өмір салтын насихаттада полиция қызметкерлеріне көмек көрсеткен барлық азаматтарға алғысымызды айтамыз. Барлық азаматтарды есірткіден аулақ болуға шақырамыз».

СҚО-да жыл басынан бері полицейлер 636 кг түрлі есірткі тәркіледі, оның 1 келіден астамы синтетикалық есірткілер. Есірткінің заңсыз айналымы саласында 120 қылмыс тіркелді, оның 48-і өткізу фактілері. 

СҚО ПД баспасөз қызметі

https://polisia.kz/sqo-politsejleri-nashaqorlyqqa-qarsy-kures-ajlyghyn-qorytyndylady/

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив