СҚО полицейлері есірткіге қарсы үгіт-насихат жұмысына қатысқаны үшін 10 адамды марапаттады

СҚО полицейлері есірткіге қарсы үгіт-насихат жұмысына қатысқаны үшін 10 адамды марапаттады

Солтүстік Қазақстанның полицейлері 26 маусым күні - Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған айлықты аяқтады. Петропавлда Жеңіс саябағында қаланың шығармашылық ұжымдарының қатысуымен концерт өтті. Спорт мектебінің тәрбиеленушілері кёкушинкай-кан каратэ бойынша шеберлік сағатын өткізді. Ал кинолог-полицейлер мен олардың төрт аяқты көмекшілері түрлі жаттығуларды көрсетті. Тәртіп сақшылары иттерді үйрету тәсілдерін көрсетті, кейін қызметтік ит жасырылған есірткі иісінің имитаторын мүлтіксіз тауып алды. Кішкентай көрермендер полицейлердің көмекшілерімен қуана-қуана фотоға түсті.

Сахнада сөз сөйлеген СҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Руслан Назаров түрлі акциялар, спорттық сайыстар, флэшмобтар және басқа да профилактикалық іс-шаралардың жыл бойы тұрақты түрде өткізілгенін атап өтті. Іс-шараларға қатысқаны үшін полицейлер қоғам қайраткерлерін, еріктілерді және блогерлерді - 10 адамды марапаттады. Облыстық Полиция департаменті бастығы есірткіге қарсы стрит-артты жасаған суретші Мәдина Бакинаны марапаттады. Іс-шараларды ұйымдастыруға белсенді қатысқаны үшін депутат, «Аманат» партиясының жастар қанаты қоғамдық кеңесінің төрайымы Руфия Мұстафина ҚР ІІМ Министрінің алғыс хатымен марапатталды.

Жалпы бір айдың ішінде ондаған іс-шаралар өткізілді. Кинокөрсетілімдер, ашық есіктер күні, кинологиялық орталыққа экскурсиялар – түрлі форумдарда тәртіп сақшылары өскелең ұрпақты синтетикалық есірткілердің қаупі, есірткі сатушылардың айлалы әрекеттері туралы ескертті. Руслан Назаровтың айтуынша, айлықтың басты мақсаты – есірткіге қарсы күресте қоғамның жұмылуы аса қажет екенін көрсету болды. Есірткіні пайдаланып көруден айныту, қабырғадағы есірткі жарнамасын бояу, күмәнді адамдар немесе есірткі курьерінің жұмысын ұсынатын интернет-ресурстар туралы хабарлау – осындай шағын ғана қадамдар ортақ күреске қосылған үлес болып табылады.

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив