СҚО полицейлері балалар мерекесінің құрметіне орай әсерлі бағдарлама мен Гала-концерт дайындады

СҚО полицейлері балалар мерекесінің құрметіне орай әсерлі бағдарлама мен Гала-концерт дайындады

Құстарға ұя орнату, музейге экскурсия, кинологиялық қызмет пен кавалерия бөлімшесіне бару, сондай-ақ Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Гала-концерт – облыстық полиция ведомствосында офицерлер Департаменттің әйелдер кеңесінің қолдауымен балаларға арналған қызықты және танымдық бағдарлама ұйымдастырды.

Облыстық полиция ғимараты алдындағы гүлбаққа қараторғайдың үйшіктері мен құсқа жем салатын астаулар сән беретін болады. «Балалар жылы» жаздың алғашқы күніне оларды полицейлердің ұлдары мен қыздары өз қолдарымен орнатты. Құстардың ұяларын орнату осы күнге ерекше реңк берді: абаттандыру жұмыстарынан кейін балалар музейге, сондай-ақ Кинологиялық қызмет орталығына шағын экскурсияға шақырылды.

«Біз барлық балаларды олардың жарқын мерекелерімен, жаздың алғашқы күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Балалалардың болашағы бақытты және алаңсыз болғанын қалаймыз. Барлық балаларды осы іс-шараларға келуге шақырамыз. Бұл күнді есте қаларлықтай қызықты әрі жақсы көңіл-күймен өткізуге тілектеспіз. Біздің іс-шарамыз Гала-концертпен аяқталады. «Балалар жылы» аясындағы осындай сый сәбилердің есінде мәңгі сақталмақ, ал ең бастысы – полиция қызметінің маңыздылығын, жауапкершілігі мол және қажетті мамандық екендігін жақсы түсінуге септігін тигізеді, - дейді СҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Сәуле Андағұлова.

Кинологиялық қызмет орталығында кіші кинолог полиция сержанты Александр Борисенконың қарамағындағы лақап аты Грета орыс спаниелі – қызметтік-іздестіру иті жаттығу алаңында кедергілерден өту кезіндегі командаларды орындады. Бұл күннің алғашқы бөлігі Полиция басқармасындағы Патрульдік полиция батальоны бөлімшесінде аяқталды. Балалар қызметтік жылқылармен танысып, салт жүрді. Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың қызметкерлері жас қонақтарға қаруланған қылмыскерлерді ұстау әрекеттерін көрсетті. Шәй ішіліп, дайындықтарын пысықтағаннан кейін, облыстық полиция ғимаратында мерекелік күннің ең маңызды сәті: балалардың Гала-концерті болды. Оған 6 мен 14 жас аралығындағы 20 аса бала қатысты. Жас әртістер 21 нөмір орындады: өлең оқыды, ұлттық музыкалық аспапта ойнады, ән салып, би биледі. Гала-концерттің қорытындысы бойынша қатысушыларды полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Айдын Қабдұлдинов дипломдармен марапаттады.

Осындай мерекелік іс-шаралар өңірдің аумақтық полиция бөліністерінде де өтті.

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив