СҚО-да Наурыз мейрамы аясында полицейлер спорттық ойындарда жүлделі орындарға ие болды

СҚО-да Наурыз мейрамы аясында полицейлер спорттық ойындарда жүлделі орындарға ие болды

Наурыз мейрамы күндері Солтүстік Қазақстан полицейлері қоғамдық тәртіпті сақтап қана қоймай, спорттық іс-шараларға да белсенді қатысады.

21 наурызда Петропавл қаласының бас алаңында мерекелік бағдарлама аясында халықтық спорттық ойындар өтті. Солтүстікқазақстандық спортшылардың қатарында дәстүрлі түрде облыстық полиция департаментінің қызметкерлері де ойындарға қатысты.

Ойын – сауық, күш, төзімділік және жеңіске деген ерік-жігер сынағы-мұның бәрі қазақ күресінің құрамдас бөлігі. 80 + кг салмақта бірінші орынды полиция капитаны Батырхан Қайырбек иеленді. Көптеген көрермендердің қошеметіне ие болған шенді балуан бағалы сыйлықпен марапатталды.

16 килограмм салмақ түріндегі салмақпен тартылуда СҚО ПД қызметкерлері де басқа спортшылар қатарында қатысты. 21 тартылу нәтижесімен үшінші орынды полиция подполковнигі Олег Гурский иеленді. Екінші орынды 24 рет тартылып, полиция аға лейтенанты Тимур Андреев алды. Бірінші орынды полиция аға лейтенанты Азамат Әбішев иеленді; ол қосымша салмақпен - 28 рет тартылды. Жүлдегерлер медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Барлық мереке күндері полицейлер жерлестері мен қонақтары үшін құқықтық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасында өткізеді. 

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив