Сыбайлас жемқорлық үшін СҚО бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі 7 жылға бас бостандығынан айырылды

Сыбайлас жемқорлық үшін СҚО бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі 7 жылға бас бостандығынан айырылды

Петропавлда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Сергей Перовтың қатысуымен бірнеше рет пара алу фактісі бойынша Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесіне қатысты қылмыстық іс бойынша ҚР ҚПК-нің 200-бабы тәртібінде ұсыну қаралды.

Тергеу нәтижесінде 2021 жылғы қарашада Кенжебаев Айыртау әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы тексеру нәтижелері бойынша келтірілген залалды өтей отырып, тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылуға жататын, лауазымды тұлғалардан анықталған бұзушылықтарды аудиторлық есепте көрсетпегені үшін 2,5 млн.теңге сомасында материалдық сыйақы алғаны анықталды.

Осы уақытта тексеру комиссиясы аудитті жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасында және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарында жүргізді, онда да бірқатар бұзушылықтар анықталды. Кенжебаев аудиторлар тобын басқара отырып, мемлекеттік органның басшысы Қошмановты тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселені қарау үшін облыс әкімінің атына нұсқама жіберудің орнына пара талап етті.

«Қошмановпен жеке кездесу барысында Кенжебаев оған шара қолданбағаны үшін АИ-95 маркалы 300 литр бензинге талон түрінде материалдық сыйақы беру туралы заңсыз талап қойды. Қошманов өзінің жеке қаражатын жұмсағысы келмей, өзіне сеніп тапсырылған басқармадан 400 литрлік талондарды тегін алып, оның 100-ін жеке қажеттіліктеріне пайдаланды», - деді превенция басқармасының басшысы Дамир Хабибулин.

Заңсыз әрекеттері үшін Петропавл қаласы сотының үкімімен Кенжебаев мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, параның сомасын мемлекет кірісіне қайтарумен, қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде 7 жыл жазасын өтейтін болды.

Осы үкіммен сот Қошмановқа оған сеніп тапсырылған біреудің мүлкін жымқырғаны және пара бергені үшін параның 30 еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындады, бұл шамамен екі млн теңгені құрайды.

Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатылды. Жасалған қылмыс туралы өз еркімен хабарлағаны және алдын ала тергеуге ықпал еткені үшін.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив