СҚО-да Қарттар үйінің бас бухгалтері алаяқтығы үшін 5 жылға сотталды

СҚО-да Қарттар үйінің бас бухгалтері алаяқтығы үшін 5 жылға сотталды

Петропавлда «Antıkor ortalyǵy» алаңында бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша СҚО әкімдігінің Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Смирнов әлеуметтік қызмет көрсету орталығының бас бухгалтеріне қатысты қылмыстық іс бойынша, СҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Жарқын Ғалымов пен бейінді басқарма басшылығының қатысуымен ҚР ҚІЖК 200-бабының тәртібінде ұсыным қаралды.

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында Сарсембаеваның 2017 жылдың қаңтарынан 2020 жылдың қазанына дейінгі ұзақ уақыт бойы, дәлірек айтқанда 3 жыл 8 ай бойы, өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, пайдакүнемдік ниетпен «Қазынашылық-Клиент» бағдарламасы арқылы бос лауазымдар есебінен қалыптасқан үнемдеуден өзіне жалақы мен сыйақыны белгіленген лимиттен тыс заңсыз есептегені анықталды. Сәрсембаеваның құқыққа қайшы әрекеттерінің нәтижесінде артық есептелген ақша қаражаты оның банктік карт-шоттарына аударылды, нәтижесінде мемлекетке 10,3 млн.теңге мөлшерінде залал келтірілді», - деп хабарлады Жарқын Ғалымов.

Спикер бас бухгалтердің қылмыстық ниеттерін іске асыруы оның басшысы А.Б. Сембаевтың немқұрайлылығына байланысты мүмкін болғанын атап өтті, ол «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» ҚР Заңының 10-бабы 2-тармағының талаптарына қарамастан бағыныстыға өзінің жеке ЭЦҚ-сын берген.

«Ағымдағы жылғы 25 наурызда Әсемгүл Сәрсембаева айып тағылған әрекетте кінәлі деп танылды, осыған байланысты оған пробациялық бақылау орната отырып, 5 жылға бас бостандығын шектеу, қаржы қызметіне байланысты лауазымдарды мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, квазимемлекеттік сектор субъектілерінде 5 жылға атқару құқығынан айыра отырып, жаза тағайындалды», - деді ведомство басшысы.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға сәйкес қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны және ведомстволық бақылаудың жоқтығы үшін Смирнов әлеуметтік қызмет көрсету орталығының басшысы А.Б. Сембаев қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Осындай жазаны СҚО әкімдігінің Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары да алды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.