Пара алғаны үшін сотталған СҚО бойынша Көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері видеожетондарды пайдаланбаған
А.ж. 8 сәуірде Петропавл қалалық сотының үкімімен СҚО бойынша КБИ Автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінің бас мамандары Д.М. Байзақ және А.А. Сарсенов пара алғаны үшін әрқайсысы 6 жылға бас бостандығынан айырылды.
Солтүстік Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин ҚР ҚПК 200-бабы бойынша ұсынымды талқылау шеңберінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау үшін жағдай жасаған мән-жайлар туралы айтып берді.
«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында 2021 жылдың сәуір айында инспекцияның бас мамандары Д.Байзақ пен А.Сәрсенов «Петропавл-Мамлютка» автожолында жылжымалы көліктік бақылау пунктінің тәуліктік ауысымында болып, тасымалдаушылардың жүк тасымалдау ережелерін сақтауын бақылауды жүзеге асыру барысында ЖШС басшысынан, кәсіпорынның жүк көліктерінің кедергісіз қозғалысы мен жалпы қамқорлығы үшін 100 000 теңге сомасында пара алды», - деді Нұрлан Жахин.
Спикердің айтуынша, Инспекция қызметкерлері жылжымалы бақылау пункттерінде кезекшілік атқару кезінде видеожетонды немесе мобильдік зияткерлік бақылау құралын пайдаланбаған, олар арқылы аудио, бейнежазба не қызметкерлердің әрекеттері (әрекетсіздігі) тіркеледі.
Ұсынымды қарау нәтижелері бойынша қарамағындағы қызметкерлердің жұмысына ведомстволық бақылаудың жоқтығы үшін Инспекция басшысы Р.М. Сейталин сөгіс түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Айта кету керек, соңғы үш жылда бұл көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлықтың үшінші фактісі. Бұған дейін бас маман мен бөлім басшысы түрлі жылға бас бостандығынан айырылған болатын.
[xfvalue_img]