Астанада бірнеше ұрлық оқиғасына қатыстылығы бойынша үш жас жігіт күдіктелуде

Астанада бірнеше ұрлық оқиғасына қатыстылығы бойынша үш жас жігіт күдіктелуде

Елордалық криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілдері қала аудандарында бірнеше ұрылардың әрекет етіп жатқаны туралы ақпарат алған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында «Сарыарқа» ауданы ПБ-ның полицейлері «Камаз» автокөлігінің аккумуляторын ұрлады деген күдікпен үш адамды анықтады.

Белгілі болғандай, жастар түнгі уақытта Серкебаева көшесіндегі тұрғын үйдің тұрағынан «Камаз» көлігін көрген. Көлік иесінің жоқтығын пайдаланған ұрылар құны 80 000 теңге тұратын аккумуляторды ұрлап кеткен.

Жас жігіттер өздеріне тиісті қорытынды жасамай, кезекті ұрлыққа барған.

Бұл жолы олар таңертеңгі уақытта «Кеңдала» көшесінде келе жатып, «Шансиман» маркалы көлігін байқап, олардың әрекетін ешкімнің бақылап отырмағанына көз жеткізіп, аккумуляторды ұрлап кеткен.

Кейіннен ұрланған мүлікті металл қабылдау орнына тапсырған.

«Бейнекамераларды зерделеу кезінде полицейлер ер адамдардың белгілері мен жүру бағытын белгіледі. 5 эпизодтан астам ұрлық жасағанын мойындаған 19, 22 және 26 жастағы қала тұрғындарына қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 188 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деді Сарыарқа аудандық ПБ-ның бөлім бастығы Қадыр Малғаздаров.

Олардың елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Анықталған қаскүнемдер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Көлік иелеріне көліктерден ұрлау фактілерін болдырмау үшін оларды күзетілетін тұрақтарға немесе бейнебақылау камераларымен жабдықталған орындарға қоюға кеңес беріледі.

Астана қ. ПД баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

2 пікір

  1. аватар
    Stephania 12 апреля 2024 06:42

    I'm extremely impressed along with your writing abilities
    and also with the structure in your weblog. Is that this a paid subject matter or
    did you customize it your self? Either way
    keep up the excellent quality writing, it's rare to look a great weblog
    like this one today..

    Feel free to surf to my web page - tesavel en venta en Italia

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив