Жамбыл облысында полиция қызметкерлері мас жүргізушілерді ұстады

Жамбыл облысында полиция қызметкерлері мас жүргізушілерді ұстады

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша профилактикалық іс-шараларды өткізу кезінде полицейлер автокөлікті мас күйінде басқару дерегін анықтады. 

Ағымдағы жылғы 26 ақпанда Талас ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзған 52 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы "Volkswagen Passat" маркалы автокөлікті тоқтатты. 

Құжаттарды тексеру кезінде патрульдік полиция батальонының инспекторлары көлік жүргізушісінің мас болу белгілерін байқап, оны медициналық куәландыруға жеткізді. Қорытындыға сәйкес, ер адамның мас күйінде болғаны анықталды. 

Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды. 

Сондай-ақ, Б. Момышұлы ауылында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері мас күйінде "Лада" маркалы автокөлікті басқарған 32 жастағы ер адамды ұстады, оның  сот шешімімен 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды. 

Осы дерек бойынша ҚР ҚК 34-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. 

Жамбыл облысының Полиция департаменті мас жүргізуші туралы "102" тетігіне қоңырау шалу немесе Instagram-дағы "zhambyl_police" ресми парақшасына жазу арқылы хабарлауға болатынын ескертеді. Барлық келіп түскен хабарламалар бойынша полиция қызметкерлері қажетті ден қою шараларын қабылдайды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив