Нұр-Сұлтанда мас жүргізуші ұсталды

Нұр-Сұлтанда мас жүргізуші ұсталды

Елордалық полицейлер «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде 112 жүргізушіні мас күйінде, бұрын басқару құқығынан айырылған 18 жүргізушіні ұстады. 340-тан астам жүргізуші жаяу жүргіншілердің қозғалысына басымдық бермеген.

Жедел алдын алу шарасы басталғаннан бері 15 100-ден астам ЖҚЕ бұзушылық анықталды. Коммуналдық тұраққа 420 автокөлік орналастырылды.

Мамандандырылған патрульдік полиция батальонының қызметкерлері «TOYOTA» маркалы автокөліктің 41 жастағы жүргізушісін ұстады. Куәландыруға сәйкес, ер адам мас күйінде болған.

Құжаттарды тексеру барысында жүргізуші мас күйінде болып қана қоймай, көлік құралын басқару құқығынсыз тізгіндегені анықталды.

Тәртіп бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды, бұл жиырма тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады. Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті жүргізушілерге жол ережелерін қатаң сақтауды және мас күйінде көлік жүргізбеуді ескертеді.

Нұр-Сұлтан қ. ПД Баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив